В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Загадочник12
Загадочник12
23.02.2020 22:08 •  Қазақ тiлi

Берилген жалаң сүйлөмдөрдү жайылма сүйлөмдөргө айландыргыла жел жүрдү-
сырт капкараңгы-
таң атты-
жылдыздар тарады-
окуу аяктады-
По кыргызскому ​

Показать ответ
Ответ:
RaminaMirzaeva
RaminaMirzaeva
12.10.2021 08:43

Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата-ана және басқа отбасы мүшелерінің бүкіл тәрбиелік қағидаларды орындауымен қатар, отбасы өмірінің жүйелі, ата-ана ара-қатынасы жақсы болуы шарт. Үйде ұрыс-керіс болуы балаға кері әсер етеді. Әсіресе ажырасудай баланың көңіліне қаяу салатын нәрсе жоқтың қасы. Балалар ата-анасын идеал, мінсіз адам ретінде көретінін ұмытпау керек. Солар сияқты болуға, солар сияқты әрекет етуге тырысады. Үлкендердің дағдыларын, әрекеттерін тез қағып алады. Сондықтан бала дүниеге келгеннен бастап ата-ана барлық жағынан жақсы болуға, үлгілі болуға мәжбүр. Сондай-ақ ата-аналар ешбір баласын бөліп жармай, барлығына бірдей қарауы, бірдей мәміле етуі қажет. Әрбір ата-ана баласының жақсы жетілуін, жақсы мінезді, тәрбиелі, еңбекқор, табысты болуын қалайды. Мұның шешімі жоғарыда айтқанымыздай, балаңыз қандай болуын қаласаңыз, өзіңіз сондай болыңыз. Өйткені бала айтқанымызды емес, бізден көргенін істейді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.» «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүрер» деген мақал-мәтелдер де осыны көрсетеді. Ата-ана баласынан жағымсыз әрекет көргендерінде оған ашуланудан бұрын «Қайсымыз осылай істедік» деп өздерінен сұрауы керек. Біраз ойланса міндетті түрде табады. Өзіміз кітап оқымайтын бола тұра «Компьютер басында отыра бермей кітап оқысаңшы» деп айту қаншалықты мәнсіз болса, балада болымсыз әрекет көргенде «сен кінәлісің» деп бір-бірін айыптау да соншалықты мәнсіз. Өткен өтті, болар іс болды, енді бұдан былай не істеуміз керек дейтіндер үшін оның да жолы бар. Мінез-құлық, іс-әрекеттер өзгеруі мүмкін. Сіз өзіңізді дұрыс жағынан өзгертсеңіз, бала да дұрыс жағына өзгереді.  Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді, яғни жақсы жағына қарай жүреді. Үйде үнемі ұрыс-керіс жағдайында болсаңыз, балаларыңыздың бір-біріне сүйіспеншілікпен мәміле етуін күтуіңіз бос қиял болмақ. Ата-анасынан жәбір көрген бала алдымен бауырларын, кейін сырттағы әлі жететіндерді жәбірлей бастайды. Сондай-ақ үйде бір-біріңе рахмет айтпайтын, ілтипат көрсетпейтін болсаңыз, сыртта «Балам көкеге рахмет айтпайсың ба» деген өнегеңіз ауада қалады. Әйелін жәбірлейтін а достарына, бауырларына, ілгеріде жұбайына жәбір көрсетуі мүмкін. Бір-біріне өтірік айтатын жұбайлар ілгеріде балаларының да өтірік айтатынына куә болады, тіпті мұғалімінен де бұл жөнінде шағым естиді. Егер ата-анаңыз аман болып, ал сіз жұмыстарыңызды сылтау етіп оларға қарау былай тұрсын, іздеп, телефон шалып хал-жағдайын сұрамайтын болсаңыз, балаларыңыз да сізден көргенін істейді. Олар да үлкейгенде сізді іздемейтін, хал-жағдайыңызды сұрамайтын болады. Басқалармен қарым-қатынаста қандай болсаңыз, мәселен жүзіне күліп, арқасынан жамандайтын адамдар қатарынан болсаңыз, балаңыз да мұны дұрыс деп санап, осылай мәміле ете бастайды. Кейбір ата-аналар өз зауқымен әлек боп, өз рахатын ойлап, баласын назардан тыс қалдыратыны ащы да болса шындық. Мұның өзі де баланың ішкі дүниесін ойран ететін, ілгеріде қандай келеңсіздіктерге себеп болатыны белгісіз дүние. Қорыта айтқанда өзіміз үлгілі болайық, өзімізді мәжбүрлеп болса да жақсы мінезді болуға, жақсы істер істеуге әдеттендірейік. Үйде өзара құрмет, махаббат ішінде, адалдықты, көркем мінез-құлықты сіңіріп өскен бала ілгеріде елге пайдалы азамат болатыны, қоғамнан ойып орын алары сөзсіз.      

0,0(0 оценок)
Ответ:
hadmatter
hadmatter
01.09.2021 16:11
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота