Берілген үзінділерден қазақтың қандай дәстүрі айтылып тұрғанын жаз: 1. Міншіл биге қонақжай үйдің бәйбішесі қатты ұнайды, жымиып отырып, отбасының шаруасын түгендеген ебін де аңдаған.
– Құсжан бәйбіше, біздің үйде бір асыл кездік бар, соған лайықты деп көркем қынды сіздің үйден көрдім. Сабақты ине сәтімен деген, бәйбішемді жіберсем, соның жөні қалай болар екен?».
2. "...Құйрық - бауыр жесіп, баталасып қойдық..."
Әдепті болу. Әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады . «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы.