В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Katya08777
Katya08777
13.11.2021 22:15 •  Қазақ тiлi

Берілген тақырып бойынша 2 минуттық монолог құрастырыңыз. кейіпкерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдап көрсетіңіз (стилі, тілі, сөздік қоры, мазмұны, грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдануы, т.б.) а. нұршайықов «аңыз бен ақиқат»

Показать ответ
Ответ:
hehehdhd
hehehdhd
08.10.2020 18:31

Ә. Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз". Монолог.

Біз бүгін Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогін сөз еттік. Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Бауыржан Момышұлының өр тұлғасын бұдан асқан қай шығарма бізге жеткізеді? Әлбетте, ешқандай. Шығармадан қаһармандық рух сезіледі.

“Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның өр мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен қалай дараланған десеңізші. Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған батырдың бейнесін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін көз алдымызда ашқандай болады. Шынымен де шығарманы оқып отырып кенет сол диалог жүріп жатырған жерде өзің де отырғандай сезінесіз. Романның стилі де ерекше. Жазушы мен батыр арасындағы диалог сол мезеттегі атмосфераны сезінуге әкеледі.

“Ақиқат пен аңыздың” көркемдік шешімі де, алға тартары да,ұғым, талғамы неде жатыр десек, командирінің Отан алдындағы міндетін бүкіл армия болып қабылдауында деп жауап қайырғым келеді. Бауыржан Момышұлының өзі ғана емес, жазушы да батыр. Құдайым-ау, ешқандай жазушыны маңына жолатпаған тұлғаға қалайша сұрақтарын қоя алды? Бұған да бір қайсарлық керек қой.

Қорытындылай келе айтарым, әрине, Бауыржан Момышұлы туралы туындылар жоқ емес. Алайда батырдың нағыз бейнесін шынайы жеткізіп білген шығарма біреу, ол – "Ақиқат пен аңыз".

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота