Тараз қаласы туралы кім не демеген ? Мысалы , X ғасырдағы араб географы Әл - Макдиси былай деп жазды : “ Тараз бақтары қыруар көп , халық тығыз қоныстанған , орлары , төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала . Екінші мединада үлкен өзен , Оның ар жағында шаһардың бір бөлігі , оның үстінен өтетін көпір бар . Базар ортасында мешіт үйі тұр ” . Ал Асанқайғы бабамыз : " Таяқ тастасаң тал болып көктейтін " - деген мекен осы . Рудаки , Сағди , Жәми , Фирдоуси , Омар Хайям сынды Шығыс күміс көмейлері жырлайтындай , « Мөп - мөлдір көздің қарасын Тараздан ғана табасың » . Ежелден ескірмей , бүгінге жеткен даналардың сөзі Тараздың кіреберіс қақпасына мығымдалып , оюмен жазылған .