Берілген үш сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат
белгісін (М) қойыңыз. Жазба жұмыстарында себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы сабақтас
Құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.
1. Жаһандык мәселе: демография
Сіз география пәні бойынша еліміздің демографиялық жағдайын зерттеп жүрсіз. Осы зерттеуініз туралы шағын мақала жазыңыз.
2. Қазақстандык туризм және экотуризм
Турист тапшаға арнап өзіңіз тұратын када немесе аймак туралы нұсқаулық мәтінін жазыныз. Айтсак туралы
барынша толтык акпарат беріп, туристер кызыктыруға тырысыңыз
Эссе
Достық пен татулық - таптырмас бақыт.
Достық - ең ұлы сезімдердің бірі.Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады.Халқымыз "жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын" деп бекер айтпаған.Достармен сен қуанышыңды да,қайғыңды да бөлісе аласың.Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру - ең үлкен жеңістердің бірі.
Бұл өмірде адал дос та,амал дос та болады.Тек олардың аражігін айыра білу керек.Себебі,досың арқылы айналадағылар сені таниды."Жаман достан жақсы дұшпан артық демекші" жаныңдағы шынайы емес достардан қашық жүргенің абзал.Олар тек өз қара бастарын ғана ойлайтындықтан,сені тұңғиыққа батырып жібереді.
"Алтау ала болса,ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген екен ата-бабамыз.Расында,адамдар арасында татулық орнаса,алынбайтын қамал болмайды.Тарихымыздағы халық басына күн туып, жаугершілік заман болғанда хандарымыз бен билеріміз халықты бірлікке,татулыққа шақырған.Осылайша олар бір-екеу емес,бірнеше болып жауға тойтарыс берген.
Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.Бұл - біздің татулығымыздың, достығымыздың көрсеткіші.Қандай жағдай болмасын,осы берекелі күнімізден айырылмауға тырысайық.Себебі,татулық пен достық - біздің таптырмас бақытымыз бен байлығымыз.
1 мамыр жайлы диалог.
- Алихан, сенің сүйікті мейрамың қандай?
- Мадина, мен барлық мерекелерлі де жақсы көремін. Дегенмен, екі мейрамды аса қатты асыға күтемін: бірі – Наурыз мейрамы болса, екіншісі – 1 мамыр мерекесі.
- Наурыз - жыл басы, ол түсінікті. Ал бірінші мамыр мерекесін не үшін жақсы көресің?
- Себебі, бұл мереке ірі мерекелердің бірі, сонымен қатар ел ішіндегі ұлтаралық келісім мен өзге ұлттардың бір - біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттайтын мереке.
- Ия, сенімен толықтай келісемін. Бұл мерекенің де маңызы зор екен. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп аталарымыз бекер айтпаған ғой.
- Дұрыс айтасың, бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
- Шынымен де, әрбір ұлттың рухани құндылықтары мен ұлттық салт - дәстүрлерін насихаттап, келер ұрпаққа саналы тәрбие беруде бұл мерекенің маңызы мен алар орны ерекше екен.
- Мереке қарсаңында қандай тілек білдіруші едің?
- Бейбіт еліміздің тыныштығы мәңгілік болып, көк аспанымызда тек бейбітшілік құсы қалықтасын!