В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
bisenkoda
bisenkoda
01.10.2021 08:56 •  Қазақ тiлi

Берілген сөздерден туынды үстеулер жаса : орыс, қазақ, өзбек, сенің, өздерің , өзің , ескі, теңіз ,құс, апаң, әке, біз, олар, үй, бастық, жас, күн, түн, алыс, осы, жаны, қасы, күз, қыс, жоғары орта​

Показать ответ
Ответ:
DenKovYa
DenKovYa
11.10.2021 13:06

Әр адамға өз тілінен артық тіл жоқ деп санаймын. Қай заманда да ата-бабамыз есті сөзбен ессізді тоқтатқан. Ақын-жырауларымыз сөзден ой-маржанын теріп, артындағы ізбасар ұрпағының санасына құя білген.

Қазіргі таңда тілімізді шұбарлап, қорлайтын, өз тілі тұрғанда ұялмай басқа тілде сөйлегенді мақтаныш көретін үлкендер де, жастар да жетіп жатыр. Оған өз басым күнде куә болып жүрмін. Жастардың орыс тіліндегі сөздерді жиі пайдалануы шынымен, адамды ашындырады. Тәуелсіздік алғалы осындай мәселелер жиі көтеріледі. Ондағы мақсат – ұлттық тілдің қадірін қайтару.

Ал, негізінде тіл және тәуелсіздік бір-бірімен мазмұндас ұғымдар.

Тәуелсіздік – ұлттық қасиетті қадірлеуден басталса керек. Ал «өзінің ұлттық қасиетін, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» деген М.Әуезовтің керемет дана сөзі бар. Расында да, өз тіліңнің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің қадірін сезіну екіталай емес пе?!

Талай ақын, шешен бабаларымды бұлбұлша сайратқан, жарға соққан толқындай екпінді, наркескендей өткір тілімнің осынау уақытқа дейін тұншығып, қадір-қасиетінен айырылуға шақ қалғанда, қазақтардың көзі ашылып, қазақ тілін «мемлекеттік тіл» деп жариялады. Алайда, мәселе мұнымен біткен жоқ еді. Бойында не рухы жоқ, не қорқақ, не қара бас қамын ойлайтын «маған бәрібір» дейтіндер көбейді. Міне, сондықтан да өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Қазақ тілін алғаш қолданыста бәзбіреулер араб пен парсыны, одан кейін ноғайды былдырлатып, орысты араластырып тілді құртуға шақ қалғанда, аға-буын бұрқ етіп қайнаған, сарқ етіп суалған тілімізді қайтадан тірілтті.

Ал, қазір ше?.. Қазір де қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі үшін күресіп жүрген жандар көп. Бірақ сол «бір өліп, бір тірілген» тілдің қадір-қасиетін жоғалтып алған адамдар да аз емес. Оған кім кінәлі? Қоғам әлде адам? Қарапайым да мәңгілік сұрақтар... Дегенмен өткенге мойын бұрамын деп болашағымыздан айырылмауымыз қажет. Әрбір халықтың басында болар мұндай сұраққа жеріне жеткізе жауап беру, бәлкім, жасаған жалғыздың өзінің ғана қолынан келер. Ал, біздің міндет – «алтын күннен бағасыз бір белгі боп қалған» ана тілімізді қадірлеп көкке көтеру екені мәлім. Сондықтан да алдағы міндет те ұлттық тілдің ұлы тұлғасын кезеңдік бұрылыстарда тарих сахнасына өшпестей етіп шығара білуде болса керек. Себебі, қазіргі таңда «үш тұғырлы» тілдің туын жоғары деңгейге көтеру сияқты зор міндеттер тұр. Мұндайда әрі кең, әрі жүрдек бүгінгі күннің даңғылымен жүру үшін байырғы тәсіл жарамсыз болмақ.

Ұлттың болашағына, оның өзіндік «Мен» дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау құр қиялдың жемісі емес. Мен де елімнің жырын, тілімнің мұңын Әбілқайырша айтқанда: «Жайықтың табанында бір тамшы су қалмағанынша, Қазақтың тамырында бір тамшы қан қалмағанынша» жырлап өтемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
yarikkuisluiy
yarikkuisluiy
11.10.2021 13:06

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.  Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. 

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі

көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

Сол үшін тілімізді сыйлайық!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота