Бала күнімде арманымда шек болмаушы еді. Көрген де, көрмеген де нәрсемді армандай алушы едім. Өсе келе, адамның ақыл-ойы толысып, өмірді шынайы бейнесінде қабылдай бастайтындықтан, арманыңның бағыты да өзгеруі мүмкін.
Арман - сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы. Менің де арманым бар. Армандар орындалады.Үкілеген үміттің рахатына бөленіп өмірдің тәттілігін сезіндіретінін “арман” атты құндылықтың нарқын біліп, аппақ арманның иесіне айналудан қорықпаймын. Өйткені, біз қайталанбас жарқын сәтке толығымен лайықтымыз!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ - жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам екі нәрседен қателеспеу керек. Біріншісі - жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Болашақта кім боламын?» деген сұрақ бәрімізді мазалайды деп ойлайын. Кейбіреулері оның жауабын тапқан шығар, ал кейбірі әлі таба алмай жүрген болар? Кейде а өзі қалаған мамандығына қол жеткізе алмай да жатады.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты, жұмысына сіңімді болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.
Бұл әлемде мені қызықтырған бір мамандық бар еді. Ол - мал дәрігері. Менің атам атақты мал дәрігері болған. Ел игілігі үшін жұмыс жасап, халқынан үнемі алғыс алған. Көптеген дәрежелерге қол жеткізген.