Берілген сөздер мен мақал-мәтелдерді қатыстырып, суреттер бойынша «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» тақырыбында мәтін құра./ Используя полезные словосочетания, пословицы и поговорки, опираясь на картинку ниже составь рассказ на тему «Какое воспитание получил в отчем гнезде, таким и будешь человеком». Пайдалы тіркестер: тәрбие беру, көңіл бөлу, гүлдей құлпыру, күндей күлу, өмірдің тұтқасы, «адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені», «Талапты бала – талпынған құстай», «Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым».
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден - ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата - баба мекеніне орнатты… - делінген еді.
Бұл жазбадан патриотизмнің – ата - баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.