Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау. 1.Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. 2.Қазіргі кезде тұмар өз міндетін жоғалтпай, ұлттық сыйлықтық, сувенир, сәндік қатарына енді
3.Бойтұмар тарихы Қазақ халқының күнделікті өмірінде тұмардың орны бөлек.
4.Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Сілтеу есімдіктері. Осы кітапты көп іздедім. Сонау қырдың астында біздің ауыл жатыр.
Сұрау есімдіктері. Есімдіктің неше түрі бар? Ауылдан қашан қайтасың?
Өздік есімдігі. Өзімнің туған жеріме жер жетпейді. Әр ана үшін өз баласы алтыннан да қымбат.
Жалпылау есімдіктері. Барлық бала сырғанақ тебуге аттанды. Қолындағы алмасын бәріне теңдей бөліп берді.
Болымсыздық есімдіктері. Ешбір адам өз Отанына ешқашан қастандық жасамау керек. Ештеңеге көңіл аудармаған Сәбит үнсіз қалпында сыртқа шығып кетті.
Белгісіздік есімдіктері. Алыстан біреу қол бұлғайды. Әлдеқайдан "алақайлаған" дауыс естілді.