Берілген сөйлемдер сабақтас құрмаластың қай түріне жатады ?
Сараның сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды.
Қыс келсе де, қар жаумады.
Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді.
Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.
Далада жаурағанша, үйде отырайық.
Жауын жауса, үйде отырамын.
Мен саған айтпасам да, сен білесің.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Жабай шығып кетпегенде, ол жігіттерді тоқтатар еді.
Сабақ оқымай, бес алмайсың.
Мұғалімге бармайынша, бұл тақырыпты түсінбейсің.
Марат оқымақшы болып, қалаға кетті.
Ол білім алу үшін, біраз қалаларды аралады.
Аттың дүбірі естілмесін деп, біз ауылдың шетіне қарай бұрылдық.
Оның оқығысы келіп, ел аралап кетті.
Өлеңдердің аудионұсқасын тыңдату, түсінгендерін жұмыс парағына жазғызу.
“Бағаналы терек” – Махамбет өлеңдері ішіндегі еркше орын алатын өлеңнің бірі. Бұл өлең ақын өмірінің кезіндегі көңіл күйінің көрінісі деуге болады. Исатай өлгеннен кейін Махамбет көтерілісті қайта ұйымдастырмақ болып, көп әуреленеді. Бірақ хан- сұлтан, би- феодалдардың көтеріліске қатысушыларға қолданған қатал шаралары елді бас көтерместей етіп тұқыртып тастады. Мұны Махамбет жақсы түсінді. Елді ереуілге көтеруге белгілі бір жағдай керектігін де аңғарды. Жарылған бағаналы тереке бақыраш жамауға болмайтыны тәрізді, жеңіліске ұшырап, бытырап кеткен елдің басын қайта біріктірудің қиындығын да білді. Халықты хан әулетіне қарсы қанды айқасқа, кек алуға үндейді.
Объяснение:
ответ:Балғабек Қыдырбекұлы (15.4.1929, Алматы облысы Жамбыл ауданы Таран ауылы — 25.6.1995, Алматы) — журналист, жазушы.
ҚазМУ-ді бітірген (1950). Қазіргі “Егемен Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған (1960 — 73). 1983 — 1987 жылдары осы газеттің бас редакторы. Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы болды. Алғашқы фельетондар жинағы “Ешкімге айтпа” деген атпен 1962 жылы жарық көрген. “Шайтанның шатағы” (1966), “Қара сандық” (1969), “Маздаған шырақ” (1971), “Ұрының еншісі” (1972), “Ақпа құлақ” (1978), “Алатау” (1—2 кітап, 1986, 1991), “Ақымақтың миы” (1993), “Түгел сөздің түбі бір” (1993), “Қым-қиғаш жылдар” (1993), “Қайран Ораз” (1999), т.б. кітаптары жарық көрген. Балғабек Қыдырбекұлы өз шығармаларында халық тарихын, ірі тұлғалар бейнесін сомдаған. Қазыбек бек Тауасарұлының жазбалары деп саналатын қолжазбаны (“Түп тұқияннан өзіме дейін”) тауып, кітап етіп шығарды. Қаз КСР Жоғ. Кеңесінің екі мәрте (1983, 1990) депутаты болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.
Объяснение: