Берілген сөйлемді қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас ну малас сейлемдерге айналдырып жаз.
1. Казакстанда жалдамалы еңбек тәжірибесі заң жүзінде бекітілме. гендіктен, жмысшылардың кұқын корғау мүмкін болмай отыр.
2. Алматы дағы ойын-сауық орталықтарындағы роботтар жалдамалы тұрғынүй туралы жан-жакты мәлімет беріп, тұрғындарды таңғалдырды.
3. Адам адалдықты өз әренетінен байқай алады, сондықтан өнерде адал болу керек.
4. Жаңадан шыкқан кұралдар үдемелі қозғалыс кезіндегі жылдамдықты реттеп оты- ратындықтан, көптеп шығарыла бастады.
Өнер алды қызыл тіл.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Тіл - буынсыз, ой түпсіз.
Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
Тіл қаруы - сөз,
Сөз қаруы - ой.
Тіл – шекер,
Бала – кетер,
Байлық – бекер.
Тіл жүйріктен де озады.
Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
Тіл – тиексіз.
Басқа пәле – тілден.
Ат жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.
Піл көтермегенді,
Тіл көтереді.
Сүңгінің жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
Жұмбақтар
Бір отаудың ішінде отыз бөрі,
Бар жалғыз қызметкері өте епті.
Он жігіт алып барып тастағанда,
Отаудың бүлкілдейді екі жері. (Тіл, тас, саусақ, ерін)
Мен жұмбақ айтайын табасын ба,
Айналып ақ қаланы шабасын ба? (Тіл, тіс)Екі тақта арасында
Екі тақта арасында
Қимылдайды қызыл тақта. (Тіл)
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіс, тіл)
Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (Тіл)