Берілген сұрақтардың біреуіне жауап беріңіз. Жауапты тиісті стильге келтіріп жазыңыз. 1. Қазақстан - Байқоңыр - Ғарыш
Сіз жақында ҚР Халық қаһарманы Т.Әубәкіровпен кездестіңіз. Сізбен болған
сұхбатта ғарышкер сіздің, жас жеткіншектердің көкейіндегі сауалдарына жауап берді.
Жалпы, нақты, альтернативті, жабық сұрақ түрлерін көрсете отырып, сұхбатты жазыңыз.
Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді
орынды қолданыңыз.
Нұсқаулық:
Кіріспе жазу: журналистің алдына қойған мақсаты;
Сұхбатты жөнге келтіру, таза қағазға барлық сұрақтар мен жауаптарды жазу;
Редакциялау: сұрақтар мен жауаптардың барлығы қаншалықты қызықты, маңызды
екендігін қарап шығу, мәтінді тексеру.
2. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»
Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі жарқын сәттерін баяндайды. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. «Мәңгілік ел» идеясы бізді ұлы
мақсаттарға жетелейді. Мақсатқа жетудің жолында ойыңызды дамыта отырып, «Мәңгілік ел – менің елім» тақырыбында мақала жазыңыз.
Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңы
Астана туралы сұрақтар құрастыру (жауаптарымен).
Еліміздің бас қаласы? Астана қаласы.
Астананың бұрынғы атауы? Ақмола қаласы.
Қаланың атауы қашан өзгертілді? Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қашан қабылданды? Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады.
Астананы ресми көшіру қашан жүзеге асты? Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.
Астана қаласы қай өзен бойында орналасқан? Есіл өзенінің бойында.
Астана «әлем қаласы» атағын қай жылы алды? 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Елордамызда Халықаралық EXPO көрмесі қашан өткізілді? Халықаралық EXPO көрмесі 2017 жылы өткізілді.