Берілген мақалдардың тақырыбын бірін таңдап, жұпта далог құрастырыңыз (әр
оқушыға 2 минут). Айтылымда түрлерін дұрыс қолданыңыз. Диалог тақырыптары:
1. «Оқу- білім азығы, білім - ырыс қазығы»
2. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар»
3. «Өнерлі өрге жүзер сделать..
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған.
Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.