Берілген мәтіннің қатесін түзеп, емле ережесіне сай жазыңдар. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбеті. Ол – шығысы мен батысы Алтай мен Атырау, түстігі мен теріскейі Қаратау мен Батыс Сібір ойпаты арасындағы кең-байтақ өлкеге созылып жатқан қазақ жері¬нің бел ортасына, тоғыз жолдың торабына орналасқан кіндік қала, елорда¬сы. Жалпақ әлемге Астана немесе «үшінші мыңжыл¬дықтар астанасы» аталып жас қала мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен аз ғана уақыт ішінде бой көтерді. Астана – егемен елдің тәуелсіздік жолында атқарған ұлы істерінің мазмұнымен өрнектелген құнды шежіресі. «Астана» сөзі қазақ қолданысына араб тілінен ауысқан. Оның араб тіліндегі түпкі мағынасы «жұмаққа барар жолдағы табал¬дырық» дегенді білдіреді. Қазақ ақын-жырауларының сөз қолданысында астана «байтақ ел, бақ қонған жер» деген мағынада қолданылады.
Отан - елдің анасы
Ер - елдің анасы
Отан қадіріне жетпеген,
өз қадіріне жетпейді.
Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
Отан – оттан да ыстық
Отан қуат - отбасы шуақ
Отан отбасынан басталады.
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Орағың өткір болса,қарың талмайды,
Отаның берік болса жауың алмайды.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
Алтын ұяң – отан қымбат.
Ер - елінде,
Гүл жерінде.
Ел іші – алтын бесік
Ауылым - алтын бесігім
Өз елің – алтын бесігің,
Еңбекпен бағыт егіз.
Өзге елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Ел мен жер егіз.
Туған жердей ел болмас,
Туған елдей ел болмас.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Жат жердің қаршығасынан ,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.
Ұлтарақтай болсада,
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болсада,
Туып өскен ел қымбат.
Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам отанын сүйеді.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Мұғалім туралы диалог.
Аружан: Сәлем, Мәди!
Мәди: Сәлем, Аружан!
Аружан: Қалың қалай? Өскенде кім болғың келеді?
Мәди: Білмеймін, өзің кім болғың келеді?
Аружан: Мен мұғалім болғым келеді.
Мәди: Неліктен?!
Аружан: Себебі, мен балаларға көптеген білім бергім келеді.
Мәди: Аружан, сен дұрыс айтасың!
Дәрігер туралы диалог.
Дәрігер: Сәлеметсің бе!
Әлия: Сәлеметсізбе, дәрігер!
Дәрігер: Сен ауырып тұрсың ба?
Әлия: Мен ауырып тұрған жоқпын. Мен сізбен сұхбаттасуға келдім.
Дәрігер: Ал, жақсы!
Әлия: Сіз кішкентай кезінізде кім болғыңыз келді?
Дәрігер: Мен дәрігер болғым келді. Өзің кім болғың келеді?
Әлия: Мен сіз сияқты дәрігер болғым келеді. Себебі, мен адамдары емдегім келеді. Олардың денсаулығын ойлаймын.
Дәрігер: Керемет, дұрыс айтасың!
Диқан туралы диалог.
Диқаншы: Сәлем, Арман!
Арман: Сәлеметсізбе, Диқаншы!
Диқаншы: Арман, сен кім болғың келеді?
Арман: Мен сіздей Диқаншы болсам деп армандаймын.
Диқаншы: Неліктен?
Арман: Себебі, сіз сияқты егін егіп, көп жұмыс жасағым келеді. Сосын менің таңдағанымның тағы себебі бар, ол диқаншы да ең қиын мамандық.
Диқаншы: Сенің айтқанына келісемін! Сен өте ақылды баласың, Арман!
Сылақшы туралы диалог.
Жандос: Сәлеметсізбе, Сылақшы! Мазалағаныма кешіріңіз! Мен сізбен сұхбаттасқым келеді.
Сылақшы: Сәлеметсіңбе! Әрине, сұрағыңды қоя бер.
Жандос: Сылақшы болған қиын мамандық па? Өйткені, мен сіз сияқты сылақшы болғым келеді. Бұл ең қиын мамандық деп ойлаймын.
Сылақшы: Мен сенің таңдауына келісемін. Балам, әр мамандық өте қиын.
Жандос: Мен сіздің айтқаныңызды былай түсіндім, оңай мамандық болмайды деп.
Сылақшы: Сен өте ақылды баласың!
Жандос: Сау болыңыз!
Міне.