Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. 1. Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.
Бір күні кішкентай бауырыңыз сізден көмек сұрады. Оған пән мұғалімі «Олимпиада чемпионы» деген тақырыпқа ақпарат жазып келуді тапсырған. Сіз бауырыңызға көмек көрсету үшін қандай олимпиада чемпионы туралы ақпарат айтасыз? Ақпаратты жазыңыз.
2. Жер байлығына аяулы көзқарас.
Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз. [10]
Мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы мінезде жатыр. Адамның мәдениет деңгейін кез келген ортада аңғаруға болады. Мәдениеттің ең биігінде тұру үшін, өзіңді рухани жағынан тәрбиелеу керек. Яғни, бұл - өзін-өзі тану. Адамды мінезі арқылы тануға болады. Себебі мінезі адамның ең жақын досы. Мінезді бірқалыпта ұстау қажет. "Мінез жанның айнасы" демекші, адамның мінезі, оның қандай екенін көрсетіп тұрады.
Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Яғни адамды қылығына қарап мінезін анықтауға болады. Әр адамның мінезі әртүрлі болатынын барлығымыз жақсы білеміз. Себебі бес саусақ бірдей емес. Дегенмен де жаман мінезден барлығымыз аулақ болуымыз керек. Мінез біздің досымыз болғандықтан оны әрдайым түзеп отыру қажет.
Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.