Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда есімдік түрлерін, етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. 1. Қуат көзін үнемдей білеміз бе?
Сізге пән мұғалімі қуат көзін үнемдейтін құрылғы туралы жоба жазуды тапсырды. Сіз өз жобаңызды жазып, қандай жаңалық аша аласыз? Жоба жазу кезіндегі әрекеттеріңізді күнделік етіп жазыңыз.
2. Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Астана – бас қала. Жазғы каникулда Елордаға қыдырып келдіңіз. Қаланың көптеген мәдени, өнер ордаларымен таныстыңыз. Сізге қай мәдени орын ерекше әсер етті? Өз ойыңызды айтып, досыңызға хат жазыңыз. Хат құрылымын сақтаңыз.
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.