Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, өз ойыңызды дәлелдеп, аргументативті эссе жазыңыз.
"Мамандық таңдаудағы салғырттық адамның өз болашағына деген немқұрайлылықты көрсетеді. Себебі мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау". Аталған пікірге сай эссе жазыңыз.
Ғарыш кеңістігіне а арқалаған әуе кемесі тұңғыш рет қазақ жерінен қанат қақты. «Байқоңыр – ғарыш қақпасы» тақырыбында ойыңызды жүйелеп, эссе жазыңыз.
Дескриптор:
Тақырыпты ашады - ;
Өз ойын мысалмен дәлелдейді - ;
Орфографиялық және пунктуациялық сауатты жазады -
Алдымен Байлық сөз алып:
– Менің арқамда ғана а ң төрт түлігі сай, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ, – деп кеудесін қағады.
Сонда Бақыт былай дейді: – Мен бақпын, кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.
– О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Бірақ мен бірер ит жейдені сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын. Сондықтан бекер даурығып, менменсініп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуміз де а қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де айтайын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. А менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын, – дейді Ақыл сабырлы түрде. Сөйтіп, үшеуі Данышпанға келеді.
Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан: – Өмірдің өзі сабақ: «Байлық – бір жұттық». «Бақыт баянсыз», Ақыл бар жерде ғана байлық та, бақыт та, бірлік те, тірлік те, ынтымақ та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға, тындыруға болады. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырзығы жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек ете білген а байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады, – деген екен.
Диалог.
- Айгүл, сәлем!
- Сәлем, Жанбота!
- Мен сенен компьютер жөнінде бір нәрсе сұрайын деп едім? Сенде компьютер бар ғой, дұрыс па?
- Ия, бар. Әрине, сұрай бер. Білсем, айтамын ғой.
- Біз жақында ғана сатып алған болғанбыз. Сол компьютер арқылы шетелде оқып жүрген әпкеммен сөйлессек деп едік, соны қалай істеуге болады айтып жібересің бе?
- Оның еш қиындығы жоқ. Ноутбук алып па едіңдер?
- Ия, қолайлы болғандықтан ноутбук сатып алған болатынбыз.
- Жақсы, онда алдымен сөйлесу үшін арнайы платформада тіркелу керек.
- Ол қандай платформа? Мүмкін сенің қолың бос болса, үйге келіп бір көрсетіп жібермейсің бе? «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген» тиімді болар.
- Жарайды, кешке сағат бестен кейін соғамын.
- Келістік!
- Кезедескенше.