Берік Әбдішұлы Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, «Берік Ысмайылов» ауторлық сән салонының директоры. Омбы политехникалық институтының, Мәскеудегі Любовь Красникова — Аксенева ауторлық мектебінің түлегі.Қазақтың ер азаматтары арасында сирек кездесетін ісмерлік өнері қанмен дарыған Берік Ысмайылов сән бизнесінің құпияларымен бөлісе келіп, өзінің алғашқы мамандығы авиациялық зауыттың инженер-конструкторы болғанын айтады. Он саусағынан өнер тамған ол қазір халықаралық дәрежеде кең танылған сәнгер.