Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді. – Қазір әзіл-сықақ театрларының саны бар, сапасы сын көтермейді деп көп айтылып, жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай?
– Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты. Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құда-құдағиларсияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ шашуға да болмайды.
– Әзіл-сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады?
– Меніңше,театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады. Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып,өздерін жарнамалауға бейім. Оны өздері де байқамайды. Бұл – сахналық мәдениетке томпақ нәрсе.Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған дүниелер беріліп жатады. Қарасаң,талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты.Жақсы әзіл арзан күлкіденқұралмау керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.
– Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз өздеріне деген сенімділік пе?
– Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар.Өнер деген – интеллектуалдық жеке меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін, мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі бірдей емес.
– Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті?
– Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда,бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі қажет. Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді...
1. Мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді теріп жазыңыз.
2. Кестені толтырыңыз
Автор көзқарасы қандай?
Автор көзқарасы бойынша менің пікірім
3. Жай сөйлемнің түрлері анықтайтын 2 сөйлем талда.
Сын есім - заттың түрін, түсін сапасын, сипатын, көлемін білдіретін сөздер. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мағынасына қарай Сапалық және қатыстық деп бөлінеді. Тұлгасына карай:Негізгі жане Туынды деп бөлінеді.
Зат есім - дегеніміз заттың,құбылыстың,ұғымның атын білдіріп,кім? не? кімдер? нелер? деген сұрактарга жауап береді.
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.