Баяғы ауылға әкім етіп сайлап алған Байбақтинов келді ¨үйіме, — дейді Күләш етегіне сүрініп кіріп келе жатып, — Президент бір топ ауыл ¨үлкендерін өз резиденциясында …қабылдамақшы екен күні ертеœқабылдау тізіміне енгізген бір кейуана аяқ… астынан ауырып …алыпты!.. Бір ақсақалымыз аяғын кетпенмен шауып алып, ауруханада жатқан көрінеді... Енді ертеңœ Президент …қабылдауына сіз барасыз, Құдай …аласа, Алла бұйыртса! ...Президент жылдам еніп, жақындап келіп сәлемдесті.
— Ой, апа, жасыңыз нешеде? — деді
- Тоқсанныңœ ¨үстіндемін, балам, жүзге жуықтадым. Көзім нашарлап бет-жүзіңді анықтап көре алмай тұрмын, балам!
Президент …қасындағы көлеңкеше ілесіп жүрген көмекшісіне бұрылды.
— Мына кісініңœ көзін емдетіңдер, жақсы көзілдірік әперіңдер!
— Дидарына …қанып, батамды берейін деп келдім, шырағым!
Осы мезет суықтау кісі сап етіп жетіп кеп, құлағыма сыбыр етті: «Кейуана, тыныш отырыңыз! Сізден сөз сұраған ешкім жоқ! Қазір Президент сөйлейді!».
Бұрындары …құлағым бірде ашылып, бірде жабылып, түк естіртпеуші еді, бұл жолы Жаратқан ием септесті ме, Президент баламныңœ даусын анық… естідім, кәдімгідей …қадалып, …қазақы тілмен құйқылжыта нақыштап сөйлеп жөнелді. Құйып алар құлақ… болса, біраз шаруаныœ басын шалып, түбірін аршып, жағалай отырғандарға түсінікті …қып айтып берді. Сөзініңœ мағынасы теңіз түбіндей тереңœ бе деп …қалдым.
Сол ұшырасу ¨үстінде екі бірдей нәрсе есімде …қалыпты. Бірі: Нұрсұлтан баламныңœ
жүзінен ниеті көрініп тұрды. Жүзінен ниеті көрінген кісі жарық… дүниеде …қор болмайды.
Екінші есімде …қалғаны: Шамалған жақтан келген бір кісі: «Пенсиям аз, пенсиям аз!» —
деп құлақты жеп …қойды, түге. Сол мезетте Нұрсұлтан балам сөйлеп тұрған сөзін ¨үзіп:
«Ақсақал, балаларыңыз бар ма?» — деп сұрады. Әлгі кісі: «Иә, бар, бес балам бар, бәрі
жоғарғы оқуды бітірген», — деп жауап берді. Нұрсұлтан балам сөз аяғын жерге тигізбей:
«Қазақта …қартайžан ата-анасын балалары асырайды, сол салтпен сізді де балаларыңыз
бағып - қақсын», — деді …қолмен …қойғандай етіп.
1-тапсырма. Жұптық� жұмыс. Мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақ� дайындап, көршіңмен диалог �құр.
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.