Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары биыл қыста төрт мұз қалашығын қызықтай алады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы.
Қаладағы мұз қалашықтарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мұз қалашық еліміздің бас шыршасы жағылған 18 желтоқсаннан бастап ашылады.
Биыл Астанада Жаңа жыл мерекесіне арналған бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін, 18 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында жағылады. Жыл сайын шырша 1 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жанатын. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, қала алдымен Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатыр.
Елордада Жаңа жыл мерекесіне орай барлығы 17 шырша орнатылады. Бір ғана Есіл ауданы мен Үркер, Қаламаңы тұрғын алқаптарында 10 шырша орнату жоспарланған. Биылғы жаңажылдық безендірудің басты нышаны — Тауық қана емес, еліміздің басты оқиғасы — ЭКСПО көрмесі де болады.
Айта кетейік, Астанада ашық аспан астындағы ең үлкен мұз айдыны «Арай» саябағында салынып жатыр. 250 адамға арналған мұз айдынының жалпы аумағы — 5 мың шаршы метр.
Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, биыл мұз қалашықтар «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында, қалалық әкімдік жанындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында, «Студенттер» паркінің жанында орналаспақ.
«Былтырғы тәжірибеге сүйенек, қала халқы мұз қалашықтарға өте көп барған. Сондықтан, биыл да мереке күндері мен демалыс кезінде халыққа арнап әр түрлі көңіл көтеру бағдарламаларын, флешмобтар мен жарыстар ұйымдастырмақпыз. Бұл шаралардың мақсаты – елорда халқының демалысын көңілді ету әрі салауатты өмір салтын қалыптастыру», – дейді мәдениет басқармасының ба з қызметі.
Мен өткен ғасырдағы ең ауыр қасірет – Ұлы Отан соғысы басталған жылы қасиетті Қаратау баурайында дүниеге келіппін. Бар саналы ғұмырым ұлт ұраны – киелі Ұлытау өңірінде, Жезқазған жерінде өтті. Менің туған жерден жырақ кетіп, осы топырақта өсіп-өнуімнің өзінде соғыс зардабы бар. Өзімнің туған әкем Зейнел және бауырлары Мұса, Шәми, Қалмақан Сүлейменовтер Отан қорғау жолындағы қан майданнан оралмады.
Әкемнің ағасы Мұса 1901 жылы туған, әскер қатарына 1938 жылы шақырылып, бірінші дүниежүзілік соғысы өршіп тұрған тұста Курляндия шайқасына қатысып, 1943 жылы 16 ақпанда Карелья жерінде қаза тапқан. Ал, әкем Зейнел Сүлейменов 1917 жылы туған. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов (бұрынғы Луговой) ауданы, Алғабас аулындағы бастауыш мектеп басшысы болып жүрген жерінен 1942 жылы қазан айында майданға алынады. Ленинград қоршауында болған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 22 желтоқсандағы Жарлығымен «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталған. Әкемнің тетелес інісі Шәми (1918 ж.т) 1941 жылы Жамбыл есеп-статистика техникумында оқып жүрген жерінен қан майданға аттанған. Мәскеуді жау шеңгелінен қорғауға қатысқан. Мәскеу іргесінен жау шебі кері шегінген тұста «Москваны қорғағаны үшін» медалімен наградталыпты.
Біздің дархан далаға Ұлы Жеңістің сүйіншілі хабары жеткенде мен – 4-5 жастағы баламын. Бірақ, біз жанарына мұң ұялап, жүрегіне шер бекінген ананың қасіретін көріп, ерте есейген едік. Жалпы, біздің ұрпақ тылдағы ауыр еңбекпен есейді. Әрине, соғыс салған жараның орнын жазу, оның зардабын ұмыту мүмкін емес. Әсіресе, айналдырған төрт жылда төрт қара қағаз алған біздің әулет үшін ауыр қайғы, батпандай қасірет әкелді сұм соғыс.
Анам – Бақтылы Жұмабекқызы Ұлытау ауданы, Алғабас аулының тумасы еді. Аштық зобалаңында бар жақындарынан айырылып, ағасы және апалы-сіңлілі үш қыз Жамбыл балалар үйінде тәрбиеленеді. 1939 жылы Жамбыл педагогикалық училищесін бітіріп, өмірінің 45 жылын ұстаздыққа арнаған. 1995 жылы 77 жасында дүниеден озды.
Пенде болған соң, арман – серігің. Мен – бір әулеттен қалған жалғыз тұяқпын. «Соғыс болмаса, Сүлейменнің төртеуі төрт рулы ел болып отырар еді ғой. Тым болмаса, төрт әкемнің тура қай жерде жатқанын дәл басып таба алмадым. Бастарына бір белгі қойып, бір уыс топырағын елге алып келер едім» деген арман-қиял мені үнемі мазалап келеді. Бірақ, ешуақытта «жалғызбын» деп жабыққан емеспін. Аллаға шүкірлік қылудан танбадым. Мұсылман баласы үшін басты қағида «Жалғызбын деме, Жаратқанға, жарлымын деме, пайғамбарға шәк келтіргенің» дегенді өмірлік ұстаным етіп келемін.
Аллаға шүкір, жетімнің де жетілер күні бар екен. Жетпістен асқан жасым бар. зайыбым екеуміз үш ұл, бір қыз өсіріп, олардан үш немере сүйіп отырмыз. Зейнеткерлікке шықсам да, кәсіпкерлікпен айналысып, қаланың барлық мәдени-қоғамдық іс-шараларына белсене қатысып жүрген жайымыз бар. Әлі де ел ісінен саяқ кетпей, Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімді қосып келемін. Өткен жылы мерейлі 70 жасымды отбасыммен, ағайын-туыс, жора-жолдастарыммен хал-қадырінше атап өттім. Бір қуанарлығы және шүкіршілік қыларлығы – осы өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге арнаған 46 жылғы еңбегім лайықты бағасын алып, қала әкімдігі мен қалалық мәслихат, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы мен облыс әкімінің тиісті сый-құрметтерін көріп, Құрмет грамоталарымен марапатталдым. Шүкір!
Мұның барлығы – қанағатшыл сезімнің қазығы. Жоғарыда армандарым мен өкінішімді айтып өттім ғой. Ал, көңіл толып, жаныңды ерекше қанағатқа бөлейтін сүйінішті істерім де бар екен. Оны тындырған керемет ісім дегеннен гөрі, орындалған парызымның бір парасы дегім келеді. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан аулындағы бұрынғы Жастар көшесі Отан қорғау жолында шейіт (шаһид) болған ағайынды Сүлейменовтер есімімен аталады. Жыл сайын 9 мамырда осындай игілікті іске мұрындық болған ел азаматтарына алғысымды арнап, Дихан аулына құттықтау жеделхатымды жолдаймын. Бір қолдың саусағының санындай ғана қалған соғыс ардагерлеріне сый-сияпат жолдап тұруды дәстүрге айналдырғам. 9 мамыр күні қай жерде болсам, сондағы Мәңгілік алау басына барып, Даңқ аллеясына гүл шоқтарын қоямын. Бұл – басты парызым. Алайда, мұның өзі соғыс салған жараны жаза алмайды екен.
Сұм соғыстың зардабы мен азабын ең көп тартушылардың бірі – Аналар. Менің анамның да ұзақ жылғы ұстаздық еңбегінің, көл болып төгілген көз жасы мен жүрегін шаншыған қасірет-шерінің өтеуі бір мысқал болса да, өтелгендей. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас аудандық мәслихатының 2003 жылғы 13 шілдедегі №30/2 шешімімен «Қожамберді» аулының бір көшесіне Бақтылы Жұмабекқызының аты берілді. Біздің әулетке соғыс салған жара осылайша жеңілдегендей болды. Ана еңбегінің ақталғанына мен де өзімді шексіз бақытты санаймын.
Сөз соңында саусақпен санарлықтай ғана қалған барлық соғыс ардагерлері мен соғыс зардабын бір кісідей тартып баққан өз тұстастарымды Ұлы Жеңістің 67 жылдығымен құттықтап, біздің ұрпағымыз соғысты көрмесін деген тілегімді айтқым келеді.