Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді, Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз.
Қара тоқылдақ - Қазақстанда мекендейтін 8 тоқылдақтың ішіндегі ең ірісі (салмағы 300-400 грамм), осылардың ішінде жалғыз осы ғана түгелдей қара түсті, тек басында ашық қызыл түсті телпегі бар. Қазақстанда тек Алтай ормандарында және Республикамыздың солтүстігінің кей жерлерінде тіршілік етеді. Ескі биік діңді қылқан жапырақты ормандарды таңдайды, оның қатты мұңды кли-и-и-и-а ағайын немесе ерекеше барабанның даңғыр дүңгірін жиі естуге болады. Тұмсығы ұзын және үшкір болып келеді. Дене бітімі әдемі әрі сүйкімді болып келеді. Жеке болып жүреді, тек ұялау кезінде ғана жұптасады. Ешқандай жерде көп болмайды, яғни қоныстанбайды. Қарағай діңін ұңғылап тесіп, ұя жасайды. Ұясының шығу тесігі созылған тікбұрыш сияқты. Қазақстандағы тіршілігі әлі де зерттелмеген. Бірақ та Қара тоқылдақ құсын зерттеу алдағы жылдардағы зерттеуге мақсатқа қойылған.[