Біз концертке дайындаламыз Мәтінді тыңда, сұраққа жауап бер.
Қанат: Сәлем достар! Бірінші қабатта тұрған хабарландыруды көрдіңдер ме?
Дана: Ол қандай хабарландыру?
Қанат: Мерекеге қарсы «Әнші балапан» байқауы болады екен. Біздің сыныптан Алан мен Дана қатыса алады ғой.
Томирис: Дұрыс айтасың, Қанат. Алан – тамаша биші, Дана әнді жақсы орындайды.
Қанат: Байқауға қатысамыз деп өтініш берейік!
Алан: Бұл байқауға Дана қатысса, мен де қатысамын.
Дана: Жақсы, қатысып көрейік! Қай әнді орындасам болады?
Қанат: Дана, сен Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнін керемет орындайсың. Осы әнді таңдасаң, ең үздік әнші атанасың.
Алан: Ал, мен қай бидің түрін таңдайын?
Томирис: Алан, сен «Қара жорға» биін көрермендерге жақсы жеткізесің.
Қанат: Тамаша би! Бұл байқауда Дана ән, Алан би номинациясын жеңіп алады.
Томирис: Дұрыс айтасың, Қанат! Біз концертте жеңіске жетеміз!
«Тіл саясатын дамыту оңай емес. Шынын айту керек, жер мәселесі қозғалардың алдында үш тілдікке қатысты қозғалыс болған. Сол кезден бастап өзіміз икемсіз қимылымызбен халықтың көңілін біршама өзгертіп алдық да, оның үстіне жер туралы кодексті кіргіздік. Сонымен қазір мүлдем ыңғайсыз жағдайда отырмыз», - деді министр бүгін мәдениет және спорт жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында.
Министрдің айтуынша, бұған дейін зиялы қауым өкілдері үш тілді оқыту жүйесімен асықпауды сұраған. «Бір жиналыс болды, шыны керек. Міне, Мырзатай (Жолдасбеков – авт.) ағамыз отырды, Нұрлан Оразалин отырды. Менің коллегам (білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев – авт.) отырды. (Ағалалар – авт.) жалынып тұрып айтты, осы үш тілдікті асықпайықшы деп, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін әзірше қоспайықшы, тұра тұрайық деп. Алдымен филологияны реттеп алайық. Әдебиетті...Бір сағат екеуі екі жақтан жалынды. Жоқ, қоймай, ендігі аптада заң қабылдаймын, сүйтем-бүйтем деді. Қазір енді көріп тұрсыздар, Елбасы үш тілдікті де тоқтатты, 12 жылдық бар, жаздық каникул бар. Әрине, ойы дұрыс. Бірақ соны ақылдаспай шешемін дегені кері әсерін тигізіп жатыр», - деп атап көрсетті А.Мұхамедиұлы.
Dubai Mall" — Дубай қаласы орталығындағы үлкен сауда орталығы. Ол доллармен есептегенде 20 миллиардтық Бурж Халифа орталығының бір бөлігі есептеледі.
2008 жылы әлемді таңқалдырған ашылу салтанаты өткен бұл орталық 600 ден астам дүкендерден тыс басқада түрлі қызметтерді ұсынады. Оның 22 экранды кинотеатры және Лондондағы Режент Стрит Олимпия ойындары өлшеміндегі мұз сарайы және басқада түрлі кереметтері бар. Аталмыш сауда орталығы 2011 жылғы көрсеткішімен, яғни орталыққа келген 54 миллион кісімен әлемдегі ең көп адам келетін сауда орталығы аталды.
"Dubai Chronicle" интернет журналының мәлімдеуінше, "Apple" Орта Шығыстағы бірінші дүкенін осы орталықта ашу мүмкін екен.