В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
raksana6
raksana6
29.10.2020 11:15 •  Қазақ тiлi

Бірнеше күн бұрын Әлемтану оқырмандарына әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алып үлгерген тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы туралы әңгімелеген болсақ, бүгін елордамыз Астана қаласындағы асқақ рухымыздың тағы да бір нышанына айналған "Мәңгілік ел" қақпасы туралы баяндайтын боламыз. "Мәңгілік ел" қақпасы – әлемдегі санаулы қа­лаларға тән ерекше сәулеттік-мо­ну­мен­тал­ды туынды. Бұл сәулет нысаны Астананың сол жа­ға­лауындағы аспанмен таласқан зәулім ғимараттардың бірі. Елба­сы­ның ақ сарайы - Ақорда, одан тарайтын «шуақ бағыты» бір жағынан Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақ елі» мону­мен­ті, Тәуелсіздік сарайы, Шабыт сарайы ғимараттары бағыт алып тұр. "Мәңгілік ел" қақпасы - Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі. Салтанатты қақпа Тәуелсіздіктің жиырма жылдығының қарсаңында ашылған. Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Композициялық тұрғыда бұл ба­рельеф­­тер нысанның төменгі жағында ор­на­­лас­қан. Қақпаның сол жақ қапталында «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Бұл – халықтың ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, да­на­лық­тың символы. Санаға сіңген осынау дәс­түрлі бейне «даналық», «данышпан», «ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы ұғымдармен астасады. Оның қазақы ерекшелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады. Қақпаның сол жақ қапталында от иесі – «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні орнатылған. Ана бейнесі қазақ ұлты үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды киелі ұлттық ұғымдарына ұласады. Олай болса, ана бейнесі арқылы адамның дүниеге келуі, туған жер мен Отан туралы идея айқын көрініс табады. Мүсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «Мәңгілік» дара таңбасы орын тепсе, әр мүсіннің жоғарғы жағында Елтаңба орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. Ол – мемлекет пен ұлттың уақытқа тәуелсіз киелі қорғаны. Сондай-ақ қабырғаларының ор­та­сына қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі – қалқан орналасқан. Қалқан – қауіп-қатердің қорғаны, сенімділік, тұрақ­­ты­лық, жеңістің белгісі. Нысанның екі жағындағы «Тай қазан» мүсіні өзіндік орындармен ерекшеленеді. «Тай қазан» тыныштық пен тоқшылықтың, бірегей көңіл мен қонақжай пейілдің терең ұғымын білдіреді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев қақпаның ашылу салтанатында: «Біз бұл тамаша Жасампаздық қақпасын біздің еңбегіміздің, біздің табыстарымыздың белгісі ретінде, болашаққа өтудегі белгіміз ретінде тұрғыздық. Қақпа біздің жас, әсем елордамыз – Астананың тағы бір символына айналатын болады. Біздің береке-бірлігіміз, біздің достығымыз, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі өзара сенім бізді үлкен жеңістерге жеткізді. Біз де еліміздің оты мәңгілікке сөнбесін деп тілейік! "Мәңгілік ел" қақпасына сіз де қонаққа келіңіз Жоспар

Показать ответ
Ответ:
K1rysha
K1rysha
21.11.2022 03:07

Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ а өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
antiangel18
antiangel18
08.10.2020 15:27

«Ортеке» күйі арқылы ойналатын қуыршақ ойыны ерте замандарда балаларға домбыра үйретіп, олардың өнерлі болып өсуіне де зор үлес қосқан. Балалардың неге қызықса соны тез үйреніп алатын қасиетін жақсы білген бабаларымыз жаңағыдай қуыршағы арқылы балаларды қызықтырып отырған.

Белгілі зерттеуші, ғалым А.Жұбанов 1935 жылы «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, «Ортеке» қуыршақ биі туралы деректер келтірген. Онда: "Ойын кезінде қуыршақ секіріп, бірде орғып, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Кейбір кезде домбырашылар оған жылқының, еркек пен әйелдің бейнелерін қосатын болған. Олар әуеннің ырғағымен билейді. Шебер орындаушы домбырада күй тартып, жоғарыда атап өткен бейнелерді түрлі қимылдарға келтіріп, бірде секіртіп, бірде жүгірткен. Яғни, секірген теке қимылдарын жасай білген", - деп жазған.

Ортеке қуыршағы әртүрлі көлемде болады. Ол негізінен жасаушының ойлау ерекшелігі мен шертушінің шеберлігіне байланысты. Күйші Абдулхамит Райымбергенов: «Бұрынғы мезетте үш ортекені – «Ата ортеке», «Әке ортеке», «Бала ортекені» ойнатқан. Бір адам ең көп дегенде төрт ортекені саусағына ілінген жіптер арқылы басқарып, күй ырғағына билете алады», – дейді. Ал атақты күйші Мұрат Өскенбаев «Сегіз лақ» күйін тартқан кезде сегіз текені тұғырға орнатпай-ақ жерге қойып ойнатқан деседі.

Ел ішінде осы «Ортеке» қуыршақ күйінің шығуы туралы түрлі аңыздар бар. Солардың ішінде бір-біріне қарама-қайшы келетін екі нұсқасына тоқталуды жөн көрдік. Екі аңыздың да астарында ұлтымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен өзара түсіністігі жатыр.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота