БІРІНШІ БӨЛІМДІ ҚАЙТАЛАУ-ПЫСЫҚТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 1. «ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ зиялы қауымының ұлт мәселесіне белсене араласуына қандай жағдайлар турткі болды?» тақырыбында 80-100 сөзден тұратын эссе жазыңдар. Тірек сөздер: шаруаларды жаппай қоныстандыру, революция, Мем лекеттік Дума, Бірінші дүниежүзілік соғыс, «Алаш» партиясы.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқақ білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдұлғазиз Мұсағалиев, тағы басқалар, бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.
Шын мəнінде олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен, əрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айырықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан- жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман болды.