Бұл бөлімде 3 сұрақтың біреуіне жауап жазыңыз. Жауапты тиісті стильге келтіріңіз. Жазба жұмысында демеулік шылауларды тиімді пайдаланып, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз. 1. Табиғатқа, жануарларға, құстарға адам қолынан қастандықтар көптеп жасалуда деген пікір айтылады. Бұған кім кінәлі? Осы көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқындап, эссе жазыңыз.
2. Халқымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бала – өте нәзік те сезімтал а қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты етіп тәрбиелеуге болады? Өз позицияңызды ұстанып, аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
3. «Қазіргі таңда Наурыз мерекесі өз мәнінде тойланып жүр ме?» деген тақырыпта эссе жұмысын жазыңыз. Эссе мазмұнында мерекенің дәрежесін көтеруге қатысты ұсыныстар беріңіз.
Эссеге төменде көрсетілген кілт сөздер, сөз тіркестерін қолданыңыз: қайта жандандыру, ұлы мереке, экологиялық тәрбие, Жаңа жыл мерекесі, заманауи, ұлттық рух, ұлттық ойындар, наурыз көже, ұлттық қолөнер, бейбітшілікке бастар ізгі мереке.
Талаптар:
• нақты айқындалған кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден құралуы шарт;
• тақырыптан ауытқымаған дұрыс;
• өмірмен байланыс болуы тиіс;
• өзіндік тың пікірлер келтіру керек;
• баяндау стилі нақты болуы шарт;
• көріктеуіш тілдік құралдарды ұтымды қолдану қолдану қажет;
• көлемі – 10-12 сөйлем.
Тақырыбы:
2-ші тақырып.
'' Халқымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген ''
Бала өмірдегі ең сезімтал жан. Енді өсіп,енді жетіліп келе жатқан кезі.Ата-аналар бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлуі керек.Өйткені бала естігенін өскенде істейді. Балардың мақсатты болуы үшін балаға ең алдымен өтірік айтпау керек.Өтірік айтсаң бала осы қылықты есінде сақтап қалады. Баланы үнемі бастаған ісін соңына дейін жеткізіп үйрету керек. Себебі бала сол кезде мақсатты бола алады.