Бұл бөлімде 2 тақырыптан біреуіне таңдап, ээсе жазыңыз. Жауапты тиісті стильге келтіріңіз. Жазба жұмысында демеулік шылауларды тиімді пайдаланыңыз, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, пунктуациялық норманы сақтаңыз. (120 сөз)
1 «Жануарлардың қорғаудың маңызы.»
2 «Ұрпақ тәрбиесі-ұлағатты іс»
это соч.
Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.