Бүгін - сәрсенбі. Сәрсенбі – сәтті күн, сондықтан көп жұмыс жоспарладым. Таңертең ерте тұрып, сабаққа барамын. Содан соң кітапханадан кітап аламын.
Түстен кейін ағылшын тілі үйірмесіне барамын. Осы жұмыстардың бәрін бүгін
істеуім керек. Бейсенбіде басқа жұмыстар бар. Әр жұмысты өз уақытында істеу
керек. Сонда уақыт үнемделеді.
2-деңгей. Оқылым мәтіндерінен жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді теріп жа-
зыңдар. Оларды қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңдар.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.