«Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология
Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.Морфология
Оқылым
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
[10]
1-мәтін
Су
Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол –
мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.
Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.
Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.
Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гипатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.
2-мәтін
Су - тіршілік көзі
Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті
тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.
Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп
бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыптары Мазмұны не туралы? Ұқсастықтары Айырмашылықтары
2. Әр мәтіндерден негізгі және қосымша, детальді ақпараттарды (кем дегенде 1-еуден) табыңыз. Неліктен бұл ақпарат негізгі (қосымша, детальді) ақпарат болып табылады? Себебін көрсетіңіз.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Жазылым
Детальді ақпарат
1-мәтін 2-мәтін Себебі
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, құттықтау құрастырып жазыңыз.
1) Досыңыз қандай да спорт түрінен республикалық деңгейдегі жарысқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Досыңызды осы қуанышымен жазбаша құттықтаңыз.
2) Наурыз – Ұлыс меркесі. Барша қазақстандықтарды төл мерекемізбен құттықтаңыз.
[10]
Англияда 1343 жылдан бастап Парламент екі палатадан тұратын болды. Жоғарғы палата — лордтар палатасы деп аталып архиепископтардан, епископтардан, ірі барондардан құрылды. Төменгі палата — қауымдар палатасы аталды. Оған рыцарьлар мен қала өкілдері қатынасты. Кейін XIV ғасырда Парламент заңдар шығарып отыру құқына да ие болды. Ол орталықтанған мемлекеттің жетістігін бейнелейтін басқару ұйымына айналды. Парламент феодалдық мемлекеттің одан әрі нығая түсуіне жағдай жасады.
Кейінгі орта ғасырларда Англияда капиталдың алғашқы қорлануы қызу қарқынмен жүрді. Оның негізін қауымдық жерлерді қоршап алу қалады. Ол жерлер жекеменшік қой жайылымдарына айналдырылды. Бұрын сыртқа қойдың жүні шығарылса, XVI ғасырға қарай шетелдерге шұға шығарылды.
Шұға тоқу ісінің өркендеуі мануфактураның дамуымен байланысты болды. Ол мата, жібек, тау-кен өндірісінде, металл өңдеуде кең өріс алды. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамып, ұлттық нарық қалыптасты.
Капиталистік қатынастардың тез дамуына сыртқы сауданың өсе түсуі, отар басып алу арқылы да үлес қосылды. Теңіз саудасында үстемдікке жету үшін флот ұлғайды, Испаниямен соғыс жүргізілді. 1588 жылы Англия флоты Испанияның «Жеңілмейтін армадасын» талқандады. 1485 жылдан 1603 жылға дейін Англияны Тюдорлар әулетінен шыққан корольдер биледі. Олардың кезінде король билігі күшейіп, тежеусіз сипатқа ие болды. VIII Генрих 1534 жылы Англияның шіркеуін Римге бағынудан азат етті. Шіркеудің басшысы король деп жарияланды. VIII Генрих алым-салық жинайтын арнаулы палата құрды.
1553-1558 жылдары VIII Генрихтің қызы Мария Тюдор билік құрды. Реформация қайраткерін қуғынға салғаны үшін оған жұрт «Қанішер» деген жанама ат берді. Мариядан кейін таққа VIII Генрихтің екінші қызы I Елизавета (1558-1603) отырды. Оның тұсында ағылшын абсолютизмі ерекше нығайды. Шіркеу ұлттық деп танылып, абсолютизмнің басты тірегіне айналды. 1607 жылы Англияның мемлекеттік гимні қабылданып, алғаш рет орындалды.
Ағылшын абсолютизмінің ерекшелігі жергілікті билік орындарында ұсақ дворяндар мен қала буржуазиясы өкілдерінің қызмет етуі еді. Олар қоғамды реформалауға мүдделі болды. Мемлекет аралда орналасқандықтан король парламентпен бірлесе отырып, күшті теңіз флотын құрды. Бұл ағылшын абсолютизмінің өзіндік белгісі саналды.
Тюдорлар саяси жағынан бүкіл елді өзінің қол астына біріктірді. Тюдорлардың тұсында ағылшындардың отарлық басқыншылығы күшейді. 1607 жылы Виргинияда (Солтүстік Америка) ағылшын отарының негізі қаланды.
Тюдорлар әулетінің табысты жүргізген ішкі және сыртқы саясаттары XVII ғасырдың басында Англияның экономикалық дамуы жағынан Еуропадағы ең алдыңғы қатарға шығуын қамтамасыз етті. 1603 жылы I Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа Стюарттар әулеті отырды. I Яков пен I Карл билік құрған тұста абсолютизм дағдарысқа ұшырады. Феодалдық қатынас ыдырап, елде ірі кәсіпорындар пайда бола бастады. Кедейленген шаруалар бірте-бірте жалдамалы жұмысшыларға айналды. Буржуазиялық революцияның экономикалық, саяси және идеологиялық алғышарттары қалыптасты.
Объяснение: