В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Шамшербек
Шамшербек
13.12.2022 08:35 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша бақылау тапсырмалары 7-сынып Оқылым. Тапсырма Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

А мәтіні

Тәні саудың - жаны сау

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз де білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты және өзі шыдамды болады. Біздің ата- бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен болса да айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр, ұзын не қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей: «Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық – ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық» - демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. (169 сөз) https://surak.szh.kz/574424

1.Кемеңгер Ибн Сина өз сөзінде не айтқысы келді?

A. Әдетте, тәні сау адамның жаны да сау болады.

B. Спорт мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр болады.

C. Спорт түрі әркімнің өз таңдауына байланысты болады.

D. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады. [1]

2.Қазақстан халқының спортпен айналысатындығы қай абзацта айтылған?

A. І B. ІІ C. ІІІ D. ІҮ [1]

3.Халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық» - деген, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз. [3]



Ә мәтіні

Қазақстанның дәрілік өсімдіктері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүниежүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшілерінің емдерін кеңінен қабылдауда.

Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.

Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецепттерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде дәрілік өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет. (164 сөз)

http://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=3&id=395

1.Азия мемлекеттерінде қандай ем қолданады?

A. медицина мен халық емін B. дәстүрлі ем

C. халық емін D. медицина емін [1]

2.Табиғи жолмен алынған дәрілерді тұтыну туралы ақпарат қай абзацта?

A. ІІ, ІІІ B. І, ІІ

C. І, ІІІ D. барлық абзацтарда [1]

3.Не себепті дәрілік өсімдіктерге сұраныс артып отыр?

Мәтіннен бірнеше дәлел келтіріп, 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз. [3]

Жазылым

Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен 100-150 сөз болуы тиіс. [10]

1. Атмосфераның ластануы туралы журналға мақала жазыңыз.

2. Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Адамның дені сау болу үшін не қажет екендігі туралы әңгімелеңіз.

Жалпы:

Показать ответ
Ответ:
pigaryov2014
pigaryov2014
05.12.2022 22:38
Өздерініз білетіндей жапонияда иіліп сəлем беру қабылданған.дегенмен жапондык иіліп сəлем берудін өзіндік ерекшелігі бар.мейлінше төмен əрі жəй иілу адамнын қызметінін манызды екенін білдіреді.өте төмен əрі қурметті иіліп сəлем беру ол-"сакэйрэй" .иілуі 30 градус бурышпен орташа,15 градус бурышпен женіл.бунымен жапондықтар "куні туды" дейді.тіпті иіліп сəлем беру туралы шағын "жапондық туристтік дəстурлі қурылым" орталығы бар.
2 егер сіз Филиппинде өзінізден улкен адаммен амандассаныз,онын қолын мандайынызга тигізуініз керек.амандаспай турып "Mano Po"деп айтсаныз қурметті корінеді.ол сіздін қолынызды алсам болама?өтінемін! дегенді білдіреді.

3)гренландияда дəстурлі амандасу бар ол-"куник" деп аталады.бірак оны батыста эскимостардын суюі деп атайды.амандасушы мурнымен жоғарғы ернін басқа адамнын терісіне яғни қолына тигізіп дем алады.булай амандасу тек қана жақын адамдармен отбасы мушелерімен достармен амандасу ушін арналған.таныс емес бөтен адамдармен булай амандасу арналмаган

4) масаев тайпасынын дəстурі бойынша Кениялықтар отбасы мушелерін көргенде бір бірнен биігірек секіріп амандасады.бул дəстур "адаму" (секіру биі) - тайпа жауынгерлері орындайтын бимен байланысты.Би билеп болган сон дəстур бойынша қатысушылар шенбер жасап бір бірінен биікке секіріп жарысады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Зоромдед
Зоромдед
21.09.2020 10:07
Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар.Менің арманым-әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді.Бірақ бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.Жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші армансыз адам да болмайды.Қазіргі арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты жақсы бітіру.Ата-ана баланың көз қуанышы,бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.Жаман оқимын дей алмаймын,құдайға шүкір сабақты жақсы оқып жүрмін.Арманымыз биікте болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып,шарықтау шегіне жетейік достар!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота