В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
missaki999
missaki999
18.05.2023 17:50 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі –құрылымы мен жүйесі дамыған, стильдік тармақтары сараланған, сөз байлығы аса мол, ұлттық тіл деңгейіне көтерілген қазақ
халқының ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ
тілі – әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, қазақтардың ұлттық
тұтастығы мен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл. Қазақ тілінде
адамгершілік пен бауырмалдықты, өнеге мен ізгілікті уағыздайтын небір
көркем сөз үлгілері жасалған. Абайдың ойшылдыққа толы ұлы мұрасы,
Әуезов сомдаған көркем дүниелер ұлттық шеңберден шығып, әлемдік
деңгейдегі өркениетке үлес болып қосылуы қазақ тілінің эстетикалық,
дүниетанымдық қуатының, басқа да әлеуметтік мүмкіндігінің аса зор екенін
танытады. Жалпыхалықтық қазақ тілінің әдеби тіл, қарапайым сөйлеу тілі,
жергілікті сөйлеу тілі (диалект) тәрізді түрлері бар. Жалпыхалықтық тілдің
жергілікті сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді түрлеріне қарағанда,
әдеби тіл өзінің қырланып, екшеліп, сымбатталғанымен, тіл
тұтынушылардың бәріне ортақ нормаларының қалыптасқанымен, стильдік
тармақтарының саралана түскенімен ерекшеленеді. Жалпыхалықтық тілдің
ең жоғары формасы болып табылатын қазақ әдеби тілі қазақ халқының
қоғамдық өмірінің барлық саласында қызмет етеді. Оның қоғамдық өмірдің
бұқаралық ақпарат, көркем әдебиет, ғылым-білім, ресми, құқық, саясат
салаларында және тұрмыста қолданылатын стильдік тармақтары бар.
Қарапайым сөйлеу тілі, жергілікті сөйлеу тілі қазақ әдеби тілін байытудың
бұлақ көзі болып табылады. Қазақ тілі «өз буына өзі семіріп, өз қазанында
ғана қайнаған тіл емес». Оның өзге де ұлт тілдерімен алыс берісі бар. Сөз
қатарын ауыс-түйіс жолымен молықтыру әсіресе лексика-терминология
жүйесінен айқын байқалады. Әсіресе ауызша дәстүрде дамыған эпос, тарихи
жырлар, ақынжыраулар поэзиясы тәрізді көркем эпикалық шығармалар мен
ұлы Абай бастаған алыптар шоғырының жазба дүниелері стандартты тілдік
нормаларды қалыптастыруда рөлі айрықша болды. Сондықтан да эпикалық
шығармалар мен ХҮ-ХІХ ғғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы ауызша тіл мен
жазба тіл дәстүрлеріндегі сөз үлгілері бүгінгі әдеби тілдің нәр алатын ең
басты бұлақтары болып отыр. Өйткені әдеби тілдің ең жақсы үлгілері
жазбаша, ауызша тараған тарихи-мәдени мұраларда ұрпақтан-ұрпаққа
сабақтастығы үзілмей үздіксіз жетіп отырған. Қазақ әдеби тілін жасаушы –
халықтың өзі. Әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуына аса көрнекті сөз
зергерлері, мәдениет, ағарту, білім мен ғылым, қоғам қайраткерлері ерекше
еңбек сіңіріп, үлес қосты. Әдеби тілдегі көркем сөз, даналық сөз, танымдық,
тәрбиелік сөз үлгілерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Тілдік құралдарды саралап, талғап қолданудың үлгісін көрсете отырып, тілдің ішкі
мүмкіндіктеріне сүйене келіп, өзінің тыңнан жасаған бедерлі сөз
өрнектерімен әрдайым әдеби тілдің сапалық дамуына әсер етті. Сөйтіп, әдеби
тілдің дәлдік, өткірлік, байлық, икемділік, серпінділік тәрізді ішкі қуатын
шыңдай түсті. Тілдік ұжымның дүниетанымының кеңеюі, ақыл-ойының
кемелденуі тілдің құрылым жүйесінің дамуына әсер етеді. Ал тілдің лексика-
грамматикалық құрылым-құрылысындағы сапалық даму қоғамдық ой-
сананың түрлерін қалыптастыру мен дамытудағы, қоғам мәдениетін
жетілдірудегі, объективті ақиқат туралы әлеуметтік таным білімді
жинақтаудағы, оны шашаусыз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі, тәрбие
берудегі, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеудегі тілдің қызметін
күшейте түседі. Сөйтіп, қоғам тілді дамытса, өз кезегінде тіл қоғамдық
сананың дамуына да ықпалын тигізеді.Тапсырма
Мәтінді негізге ала отырып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
 Қай тіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып есептеледі?
 Жалпыхалықтық қазақ тілінің қандай түрлері бар?
 Әдеби тілдің жергілікті және қарапайым сөйлеу тілдерінен қандай
айырмашылығы бар?
 Әдеби тіл қолданылатын стильдік тармақтарды атаңыздар.
 Бүгінгі әдеби тілдің нәр алатын басты бұлақтарын атаңыздар.
 Әдеби тілдің қалыптасып-дамуына кім үлес қосады?

Показать ответ
Ответ:
zhabinalena1
zhabinalena1
09.08.2022 15:33

СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
karicristle313
karicristle313
14.04.2021 12:54
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды.

Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.

Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота