В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
KewLimp
KewLimp
22.08.2022 02:00 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі  пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Оқу мақсаты: 7.1.5.1  Сұрақтарға оқылған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру,  талқылау

7.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу

 

   Оқылым тапсырмасы

 Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.                                                                                  [10]

 

        Достығымыз әлемге әйгілі Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне,  қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет болып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқи алады.

         Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Қазақстанда халықтар ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұған  қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз.

1. Дүниежүзінде қандай ел жоқ?              

A. достығы өнеге болатын

D.достығы өнеге мен үлгі болатын

B. достығы үлгі болаты

C. өзге тілді мектебі бар

2/11

2. Ұлт қауымдастығы туралы айтылған абзацты белгілеңіз.                                                                                           

D. Ешқайсысында

C. Екеуінде де

A. І

B. ІІ

3/11

3. Қазақстанда барлық ұлттардың терезесі тең деп не себепті айтуға болады?

 

С. Өз діндерін ұстанып, өз тілінде білім ала алады

А. Қазақстан көпұлтты ел болғандықтан айтуға болады

Д. Бір-бірімен достық қарым-қатынаста болғандықтан

В. Қалаған кәсіптерімен шұғылдана алмайтын болғандықтан

4/11

4. Мәтінде берілген етістіктердің ішінен күрделі нақ осы шақты тап

 

А. Оқи алады, жақсы көрді

В. Болып отыр, сүріп жатыр

С. Айтып жүр, сақтап келеді

Д. Еңбек етеді , мақтанышпен айтады

5/11

5.  Осы берілген мәтінде шылаудың қай түрі  кездеседі?

 

А. Септеулік шылаулар

С. Демеулік шылаулар

Д. Мүлдем кездеспейді

В. Жалғаулық шылаулар

6/11

6.Алғыс айту күні қандай тарихи оқиғаларды еске аламыз?                                     

С. Еліміздегі тыныштық пен үндестікті еске алу

Д. Репрессия мен жер аудару жылдарындағы халқымыздың ізгі қасиеттерін еске алу

А. Қиын замандардағы ауыртпалықты көтере білген жылдарды еске алу

В. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлікті еске алу

7/11

7. Алғыс айта білудің маңыздылығы қандай?                                                            

А. Ең сүйікті мерекеге айналады

С. Жақсылықты бағалай білуге, өзара сыйластыққа бастайды

В. Құндылықтардың қадірін жете түсіне алмайды

Д. Тыныштықтың қалыптасуына әсер етеді

8/11

8. Бұйрық райды табыңыз

 

В. айтсын, айттым

С. ойнасаң, оқы

А. Барайын, көрейік

Д. Оқығымыз, барсын

9/11

9. Көмектес септігіне қатысты септеулікті табыңыз

С. бірге

А. Кейін

В. Шейін

Д. Соң

10/11

10. Одағай қандай сөздердің қатарына жатады?

 

В. Оқшау сөздер

С. Мағыналы сөздер

Д. Омоним сөздер

А. Көмекші сөздер

11/11

Жазылым

       11. Төменде берілген тақырыптардың біріне  жазба жұмысын ( мақала, эссе) жазыңыз.                                                                                                                                  [5 ]                                                        

 1. Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар – өзіміз, біздің жақындарымыз. Сіз күнделікті өмірде осы жайтқа куә болып жүрсіз.                                                                                    Айналаңыздағылар да бұған мән бермейтінін байқайсыз. Олардың санасына ұлттық табиғи өнімдердің пайдалы екенін ескертіп, өз пікіріңізде нақты дәлелдерді пайдалана отырып, өз сыныптастарыңызға арнап мақала жазыңыз

 2. Әлеуметтік желі — қауіп пе, қажеттілік пе?

      Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдеп эссе жазыңыз

Показать ответ
Ответ:
idalia444
idalia444
16.05.2020 20:25

Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған.

Атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Олар туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?

Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды.

Хаттың авторлары:

жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985),

Қазақ мемлекеттік ба меңгерушісі Мансұр Ғатаулин,

Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков,

Алматы Комвуз проректорының орынбасары Мұташ Дәулетқалиев,

Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.

Дегенмен, жазуша Ғабит Мүсірепов және Мұташ Дәулетқалиев жайлы бірер деректер болмаса, қалған кісілер туралы деректер тапшы. Мұташ Дәлетқалиев Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келген, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітірген, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарған. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен.

0,0(0 оценок)
Ответ:
prodaction2016
prodaction2016
14.07.2020 02:03

- Cерік,  мен пойызға билет ала алмадым, сен билет алдың ба?

- Ия, Айдар мен Алматы-Қостанай жүрдек пойызына билет алдым.

-  Пойызға билеттің құны қанша екен?

-  Пойыздың билетінің құны бес мың теңге екен, енді сен немен қайтасың?

-  Мен автобуспен қайтамын, автобусқа билет алдым.

-   Автобусқа билет пойыздан арзан шығар?

-  Жоқ, арзан емес екен, алты мың теңге тұрады.

-  Ой, Айдар қалай жеттің, қатты шаршаған шығарсың автобуста?

-  Рахмет, Серік, жаман емес, аздап шаршаған ештеңе етпейді, дегенмен, автобус пойызға жетпейді ғой.

- Әрине, алыс жолға пойыз ыңғайлы, әрі билетіде автобустан арзандау

- Бірақ,  автобус поездан жылдам жүреді екен.

- Қайтарға билетті ертерек алайық

- Серік, сен билетті пойызға екеумізге ала бер

- Жарайды, дұрыс айтасың , сөйтіп Алматыға бірге қайтайық.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота