В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
msflower05
msflower05
26.10.2022 15:33 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілінен «Ежелгі көшпелілер мәдениеті» , «Су – тіршілік көзі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау жұмысы 1- Мәтін
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектерге әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.

1-тапсырма.
Мәтін мазмұнына қатысты 1 сұрақ құрастыру. ( )

2-тапсырма Сұрақтарға дұрыс жауап беру
 «Ұлы Жібек жолы» деген атауды кім берді? ( )
 Қазақстан жерінде қандай қалалар бой көтерді? ( )
 «Ұлы Жібек жолының» үшінші «бұлғын жолымен» нелер тасылған? ( )
2-мәтін
Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз армандары болыпты.
Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Екі жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:
– Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды, - дейді.
Толағай:
– Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? – дейді.
Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.
Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.
Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен.
3-тапсырма
Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
( )
4 - тапсырма
Мәтіндегі уақыт атауларын сан есімдермен жазып, реттік сан есімдерге айналдырыңыз. /Найти имена числительные и преоброзовать в порядковые/ ( )
5-тапсырма
Бір тақырыпты таңдап, мәтін құрастырып жазыңыз ( )
 «Судың адам өміріндегі маңызы»
 «Ежелгі көшпелілер мәдениеті»
Дескриптор:
тірек сөздерді қатыстырып, шағын мәтін жазады; 1
тыныс белгісін дұрыс қояды; 1
орфографиялық нормаға сай жазады. 1
мәтінде сан есім,есімдіктерді қолданады 1

Барлығы

Показать ответ
Ответ:
aldeerGroMo
aldeerGroMo
21.01.2022 03:50
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді
0,0(0 оценок)
Ответ:
nazmiburkanova7
nazmiburkanova7
11.07.2021 20:44
Амурский жолбарыс - сияқты ас айбат толық біт- бол-қызыл кітапқа деген ішіне ал- бір дүниежүзілікайуанаттар дүниемнің ең сирек өкілдерінен. Ресейдіңюго-востоке таратып жібер- және жолбарыстың еңсолтүстік және ірі көрінісімен саналады. қысқарт- тұрықаспен ықпалмен хозяйственной қызмет адам, ал олайғой осы азулы аңның жіті қыр-, не ара түп ағымдық жүзжылдықтың жолбарыстың санының қысылшаң белгіні кана деген келтірді жет-. Қарамастан және уже 30-хжылдың адағына олардың небәрі 50 қалды. Алайда кейінқабылда- шаралардың ша күзетке, қазір амурскогожолбарыстың саны шегінде 400 айтқанынан қайтады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота