В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
RomaNeymarjr
RomaNeymarjr
30.07.2020 14:22 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым
Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым ...
Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап, ат жалын тартып, азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.
Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз «келіннің – аяғынан, қойшының таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.

1. 3 дұрыс жауапты анықтаңыз, қоршаңыз.
Ер баланы бес жасынан бастап ... баулыған.
A) отын шабуға
В) аң аулауға
С) ат жалын тартуға
D) мал бағуға
E) кеш жатуға
F) киіз басуға
Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін анықтаңыз.
Тұжырымды сөйлемдер Ш/Ж
Қазақ халқы жігіттің бойына адамгершілік қасиеттерді сіңірген. Ш
Халқымыз «келіннің – таяғынан, қойшының аяғынан» - дейді. Ж

3. Мәтінді мұқият тыңдап отырып, бос орындарға тиісті сөздерді жазыңыз.
Ұлттық ойын атаулары
4. Сұрақтарға жауапты 5 сөзден артық жазбаңыз.
Мәтіннің идеясы


5.Сұрақтарға мысалдармен жауап беріңіз.
Қазақ халқы ұл баланы қалай тәрбиелеген?
Қыз баланы қалай өсірген?

Показать ответ
Ответ:
Аккаунт удален
Аккаунт удален
18.04.2021 05:54

1 тапсырма.

Дұрыс жауаптар: аң алуға, ат жалын тартуға, мал бағуға.

3 тапсырма

Жамбы ату, аударыспақ, көкпар, сайыс, тай жары, қыз қуыр.

4 тапсырма.

Қыз бен ұлды қалай тәрбиелеу.

5 тапсырма.

1) Қыз баланы кіші үй жинауды үйреткен.

Қыздары инабатты, ақылды болуға үйреткен.

2) Ұл баларды қазақ халқында басты орынды алған.

Өскесін ұлдар үйдін басшысы, отбасын қорғайтын азамат болады

0,0(0 оценок)
Ответ:
masya90
masya90
18.04.2021 05:54

1-тапсырма

Ер баланы бес жасынан бастап отын шабуға, аң аулауға, ат жалын тартуға, мал бағуға баулыған.

( Здесь 4 верных ответа )

A) отын шабуға

В) аң аулауға

С) ат жалын тартуға

D) мал бағуға

2-тапсырма

Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін анықтаңыз.

1. Шын

2. Шын

3-тапсырма

Ұлттық ойын атаулары:

Теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес.

4-тапсырма

Қазақ халқының балаларына берген тәрбиесі.

5-тапсырма

1. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген.

2. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота