«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
9-сынып
Оқылым.
Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағат энергия алады. Күн энергиясының 1-2% -ы жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі.
Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып, желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін де жел энергиясы қолданылған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Ылғи және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, апат, зардап, шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады.
Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор. Экологиялық таза, қоры еш уақытта сарқылмайды әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде, толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі. Жел энергетикасын дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық. Күн көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әрқилы болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әртүрлі болады. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Жел күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасының қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығының кубына тәуелді болады.
Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемдерді сөздер және сөз тіркестері, терминдермен толықтырыңыз.
Жерді бірдей температурада қыздырмағандықтан, жел энергиясы пайда болады.
Ғаламшардағы су қорларының жел энергиясының қоры бірнеше есе көп.
Табиғаттағы тепе-теңдікті қоры шектеусіз бұзбайды. климаттың, жыл маусымдарының өзгеруіне қатысты.
Тапсырма 2. Берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп қайта жазыңыз.
1) Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды.
Жер бетін...
2) Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде пайдаланған.
Желді...
3) Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі.
Бүкіл...
4) Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде, толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі.
Бәрімізге...
5) Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
Ауа райының...
Тапсырма 3. Мәтіннің негізгі идеясын анықтап, оған қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Жазылым
Берілген 4 сұрақтың бірін таңдаңыз. Жазба жұмыстарында ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді; шартты, мезгіл, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. Мәтіннің көлемі 100-120 сөз.
1 ЭКСПО – 2017 – Қазақстан белесі
2017 жылдың жазында Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесіне барғаныңызды еске түсіріп, көрмеден алған әсеріңіз (не көрдіңіз? не істедіңіз?) туралы газетке шағын мақала жазыңыз.
2 Биотехнологиялық жаңалықтар
Сіз мектеп телестудиясында жас тілшісіз. Мектебіңізде биотехнология саласындағы ғылыми жобалар сайысы өтіп жатыр. Бұл шараға қонақ ретінде NASA жанындағы университетті бітірген жас ғалым қазақстандық Дәмелі Мектепбаева да келді. Іс-шараның өту барысы туралы шағын репортаж мәтінін жазыңыз.
3 Болашақ энергия көздері
Сізге «Болашақтың энергиясы» қалалық эссе байқауына қатысу мүмкіндігі туды. «Қазақстан үшін жел мен Күн энергиясын өндірудің тиімділігі неде?» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
4 Алаш идеясы мен қайраткерлері
Сабақ тақырыбы: Алаш идеясы мен қайраткерлері. Мұғалім сынып оқушыларына мынадай тапсырма ұсынды: Егер сізде бұрынғы кезеңге өтуге мүмкіндік болса, қай Алаш қайраткерімен кездесіп, сұхбаттасар едіңіз? Ол адамды не үшін таңдайсыз? Кейіпкермен шағын сұхбат мәтінін жазыңыз.
Мен күзгі демалысымды қалай өткіздім?
Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, бірінші тоқсан да аяқталып, күзгі демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы күзгі демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай көлге шомыла алмасақ та,түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күзгі демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!
Жамбыл 8 жасқа келгенде әкесі ауыл молдасынан білім алсын деп оны оқуға береді. Бірақ болашақ ақынға молданың ескіше оқуы қонбайды. Сол тұстағы күйін ақын «Шағым», «Әкеме» атты өлеңдеріне арқау етті. Молданың ескіше оқуына қанағаттанбаған ақын: «Бала келсе сабаққа, Жем аңдыған дорбадан. Ақ сәлдесі басында, Боз інгендей боздаған» деп, білім беруден гөрі мал табуды көздеген молдаға деген наразылығын жасыра алмады. Бұл қазақ арасына жаңаша оқу ене қоймаған, ескіше оқудың кең өріс алып тұрған шағы еді. Осыдан кейін әкесіне молданың оқуы қонбайтындығын, түсіне өлең кіргенін айтып, қолына домбыра алып біржола ақындық жолға түседі. Жамбыл Шапыраштының Екей деген руынан, бұл елде ақындардың көп болғанын «Екейде елу бақсы, сексен ақын» деген жолдарынан көруге болады. Осындай ақындық орта болашақ ақынға да мол септігін тигізді.
Өзін шалқарда шалқыған аққуға теңеген ақын «келмеді сасық, шалшық жерде қалғым» деп жыр маржанын тере білді. Бір жағында қалың бұқара, бір жағында бай мен датқа тұрған ақынның алдында кімнің сөзін сөйлеу керек? деген замана сауалы тұрды. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ақын бай, манаптарды шеней білді. «Жылқышы», «Сараң бай мен жомарт кедей» деген өлеңінде бай мен кедей арасындағы кереғар тірлікті шендестіре отырып қатарластыра жырлады:
Малы көп бай жылайды қар жауғанда,
Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,
Әйелі шелек толы сүт сауғанға.
Малы көп бай ертемен жейді қаймақ,
Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап.
Ең болмаса, айранға тойғызса деп,
Жатса, тұрса тілейді «а, құдайлап».
Ел билеушілерге деген елдің наразылығын ашық айта білді. Жайылым жерлерден айырылған қазақ бұл тұста елден үдере көшіп Қытайға жер ауып жатты. Қазақстанның түкпір-түкпірінде патша жарлығына қарсы бой көтерулер болды, Қарақарадағы албандардың көтерілісі де осы тұста болып еді. Осылардың бәріне куә болған ақын ел өміріндегі ірі-ірі тарихи оқиғаларды шығармаларына арқау етті. Аталаған өлеңдері үшін біраз күн ақ патшаның тар қапасында тұтқын да болды. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнаған тұста кедейге теңдік, әйелге еркіндік берілгеніне ақын да куә болды. Сондықтан да оның шығармаларынан ірі байларды конфискелеу, қосшы ұйымын құру, шабындық пен егістік жерлерді қайта бөлу, кеңес сайлауларын өткізу сынды саяси және мәдени науқандар кең орын алды. Осылардың бәріне куә болған ақын халқымен бірге қуанып, бірге шаттанды. «Кедейлерге», «Қазақстан тойына» бұқараның жырын жырлады.
Ақын «Мұнша жасқа келгенде, Не көріп, не білгеннен. Бір ауыз сөз айтылмай, Қалса – үлкен мін ақынға» дей отырып, сексеннен асып, тоқсанға таяған шағында көрген-білгендерін ой қазанында қорытып, өмір жайлы толғауларын жазды. Оның «Замана ағымы», «Туған елім», «Менің өмірім» атты толғауларының қазақ әдебиетіндегі орны ерекше. Жүз жасаған ақынның өмір сүрген уақытында қазақ халқының басынан неше алуан ірі-ірі тарихи оқиғалар өтті. Ақын қазақтың жүз жылдық тарихының ғана емес, арғы-бергі тарихының өмір шындығын көркем шындыққа айналдыра білді. Ол толғауларында Қоқан хандығы, одан ақ патшаның қол астында отар болып, «Қысым көрген, қырылған, Таланған да шабылған» қазақ халқының аянышты тірлігі мен Қазан төңкерісімен келген теңдік пен бақытты өмірді «Жамбыл қарт жетпіс екі жасағанда, Николай ұрған доптай тақтан ұшты. Жарқырап бостандықтан сәуле түсті – Жабырқаған халықтың көңілі өсті!» деп жырлады. Жүз жасаған ақын Жамбыл Жабаев халық поэзиясының алыбы ғана емес, «ХХ ғасырдың Гомері» атанды. Ол халық поэзиясы арқылы қазақ халқын да әлемге танытты.