Азақ тілі мен әдебиеті т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
тыңдалым
электр қуаты- өндірілетін отын түрлерінің 1/5 бөлігі электр қуатын және жылуды беліп
шығару үшін пайдаланылады. қуаттың басқа түріне қарағанда электр қуатының көптеген
колайлы жақтары бар. оны механикалық, жарық және жылу қуатына түрлендіріп сым арқылы
тасымалдауға болады. электр қуатын шаруашылықтың кештеген салаларында пайдаланады.
қазақстанда электр стансасының 3 түрі колданылады. жылу электр стансалары 2 түрге бөлінеді;
1.конденсациялы
2.жылу электр орталықтары.
конденсациялы стансалар тек қана электр қуатын өндіреді. мұндай стансалар электр
қуатымен үлкен аудандарды қамтамасыз етеді. сондықтан да оларды мемлекеттік аумақтық
электр стансалары (маэс) дейді. бұл стансалар барлық өндірілетін электр қуатының 12 белігін
береді. конденсациялы стансаларды қосуға көп уақыт қажет (орта есеппен 5 сағат). сондықтан
оларға жыл бойы бірқалыпты жұмыс жасап тұру кажет. тоқтатқан жағдайда электрмен
қамтамасыз ету жүйесі бұзылады. конденсациялы стансалар отын көзіне, суға жақын
орналастырылады.
жылу электр стансаларының келесі түрі жылу электр орталығы (жэо). бұл жерде электр
қуаты мен жылуды өндіру жинақталған. стансаның мұндай түрі отынды пайдалану
коэффициентін конденсациялы стансаға қарағанда екі есеге ұлғайтады.
жэ0- жылуды 20 километрден артық тасымалдау тиімсіз болғандықтан, қалаларда
орналастырады. жылу электр стансалары шамадан тыс көмірқышқыл газын бөліп
шығаратындықтан, қоршаған орта ластанады. электр куаты кез келген жерге жоғары вольтты
электр желісімен тасымалданады (эжт).
белгілі бір ауданға энергия қаншалықты қажет болса, соншалықты электр қуатын жеткізе
алады. сондықтан да жылу электр қуатын отынға және тұтынушыға жакын орналастырады.
электр стансасының келесі типі - су электр стансасы республикамыздағы электр қуатының, ең
арзан түрі. яғни ағынды судың қуаты ң қатысуынсыз алынады және отынды үнемдеудегі
жетекші өнеркәсіптің бірі.
1. мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз
а. электр қуаты, жылу электр стансалары,көмірқышқыл газы
b. , үнемдеу, қоршаған орта
с. бұзылады, аудан, станса
д. қазақстанда, бір қалыпты, бөліп шығарады{1}
2. мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
а) электр куаты кез келген жерге жоғары вольтты электр желісімен тасымалданады
в) электр қуаты- өндірілетін отын түрлерінің 1/5 бөлігі электр қуатын және жылуды бөліп шығару
үшін пайдаланылады.
c) конденсациялы стансалар тек қана электр қуатын өндіреді
д) жылу электр қуатын отынға және тұтынушыға жакын орналастырады. {1}
3. тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 шын» ақпаратты белгілеңіз.
шын
жалған
мәтіндегі ақпараттар
жылу электр стансалары 2 түрге бөлінеді
ағынды судың қуаты ң қатысуымен алынады
| конденсациялыстансалар тек қана электр қуатын өндірмейді.
b
с
(1)]
4. бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
элетр қуатымен, электр желісімен, электр жолымен, электр шамымен
электр куаты кез келген жерге жоғары вольтты
тасымалданады{1}
Ақмарал анасымен бірге орталық базарға бара жатқан. Жолда, үйдің бұрышында сүйкімді ақ кептер отырғанын көріп қалды. Біреуден жәбір көрген сияқты. Көздері жәудіреп ары-бері өткен адамдардан мейірім күтетіндей. Кішкентай қыз қорғансыз құсқа жақын барды. Жайшылықта ұша жөнелетін кептер қозғалмайды. Жуас. Монтаны. Ақмаралдан үркектеп, аттап секіруге талпынғанымен ұзаған жоқ.
— Қызым абайла! Ауру болып жүрмесін, — деп анасы ескерту жасады.
— Қараңызшы анашым! Қанаты сынық, содан ұшпайды! — Ақмарал мұңайды.
— Нәзік жүрегіңнен айналдым! Уақыт шығындап қайтесің, біз асығыспыз.
— Жоқ, анашым, көмектескім келіп тұр. Қандай сүйкімді! Түрі де әппақ! Біз қол ұшын бермесек, өліп қалады... Әйтпесе иттер жеп қояды...
— Жарайды, меселің қайтпасын, — деді анасы қызының өтінішін жерге тастамай.
Ақмарал мен анасы екеуі кептердің тыпырлап, қарсыласқанына қарамастан қолдарындағы сөмкеге басын қылтита салып алды да, автобусқа отырып қала ортасына тартты. Сұрай-сұрай жан-жануарларды емдейтін дәрігерлік клиникаға келді.
Кезекші дәрігер кептерді тексеруге ішке алып кетті.
— Жазылса екен, — деді уайымшыл Ақмарал мұңайып.
— Жазылады, ұшады әлі, — деді анасы кішкентай қызын бауырына қысып, жасаураған көзінен сүйіп.
— Шын айтасыз ба?! Сынған қанатын қалай емдейді?
— Ота жасайтын шығар. Сәл сабыр ет қызым.
— Мақұл.
Арада он-он бес мүйнет өткенде жүзі жайдары дәрігер көрінді:
— Дәл уақытында әкелдіңіздер, ота жасайтын болдық.
— Алақай! Ақ кептер ұшады! — Ақмаралдың көңілі аспандады.
— Дұрыс айтасың қызым! — деді дәрігер тәте де қуанып. — Ұшады әуелеп. Осылай тұрасыздар ма? Бір айналып келіңіздер.
— Ешқайда барғым келмейді, — деді Ақмарал. — Күте тұрайықшы анашым.
— Ұмытып барады екенмін, кептердің иесі сіздер ме?
— Көшеден таптық. Қанатының сынғандығын байқаған қызым, қоярда-қоймай осында әкелгізді. — Ақмаралдың анасы шынын айтты.
— То ыздар да болады, өзіміз қамқорлыққа аламыз.
— Үйге алып кетейік, қалдырмайықшы кептерді, — деді Ақмарал қиылып.
— Жүрегің жұмсақ екен қызым! Құс та болса жақсылық жасауға құштарлығың құптарлық іс! Олай болса, күте тұрыңыздар, — деді ақ халатты тәте күлімсіреп.
1)Қаныш Имантайұлы Сәтбаев — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Қаныш Сәтпаевтың геология мамандығына тікелей қатысы бар, себебі ол - геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше.
2)Соколов темір кен орны - Қостанай облысы Қостанай ауданы Рудный қаласынан солтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан.
3)Алюминий біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанына көз жеткізу үшін айналаға зер салып қарап шығу жеткілікті. Мүмкін, сіз бұл мәтінді алюминийден жасалған құрылғыдан оқып отырған боларсыз. Планшеттер мен жалпақ панельді теледидарлар, спорттық жабдықтар мен жиһаздар, айналар мен кофеқайнатқыштар - осы және басқа да көптеген тауарлар алюминийден жасалған.
Смартфондар, планшеттер, ноутбуктер, жалпақ панельді теледидарлар, мониторлар және басқа да жабдық өндірушілер алюминийді көбірек қолданады. Әдемілік пен қолайлылық бұл салада алюминийдің танымал болуының кепілі болып табылады. Алюминий корпусты құрылғылар сәнді әрі сенімді көрінеді, сонымен қатар жеңіл әрі берік болады.
Алюминий сонымен қатар жиһаз және интерьер заттарын өндіруде жиі қолданылады. Үстелдер, орындықтар, перделер, суретке арналған жақтаулар, шамдар, декоративті қабырға панельдері, кондиционерлер мен радиаторлардың барлығы алюминийден жасалған.
Ал ас үйді алюминийсіз елестету мүмкін емес. Біз тек тұрмыстық техниканың корпустары туралы ғана емес, сонымен қатар заманауи, технологиялық, қауіпсіз және әдемі ыдыс-аяқтар - кәстрөлдер мен пісіруге арналған ыдыстар, ет тартқыштар жайлы айтып тұрмыз.