В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
JuliusM
JuliusM
08.02.2021 04:06 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Күні: 28.12.2020 6-сынып

Аты-жөні:

Тыңдалым

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.

Кітаптың беттері әр түрлі түстен тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері көрсетілген.

Қазақстанда бұл кітап 3 басылымнан тұрады. Соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта жануардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде ақбөкен, гепард, бүркіт, арқар, барыс, және қылқалам бар. Біздің елімізде, Қызыл кітапқа енген жануар немесе өсімдікке зиян тигізілсе, ол адам айыппұлмен қатар, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

1.Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.

А) қызыл кітап, зерттеу, топырақ

В) отан, бала, қала

С) қызыл кітап, табиғат, қорғау

Д) зерттеу, адамдар, күш [1]

2.Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.

А) Еліміздегі ескерткіштерді қорғауға алу

В) Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу

С) Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу

Д) Еліміздегі жойылып бара жатқан жан-жануарларды қорғау [1]

3.Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

№ Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған

1 «Қызыл кітап» деген атауды Питер Скотт ұсынды

2 Қазақстанда бұл кітап 6 басылымнан тұрады.

3 Ең алғашқы Қызыл кітап 1999 жылы жарық көрді.

[1]

4. Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беріңіз. Қызыл кітаптың шығуының мақсаты не?

[1]

5.Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.

Бұл адамзаттың табиғатты жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.

/ түрлі түстен, қорғау үшін, Қызыл кітапқа/ [1]

Оқылым

«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.

«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық -поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.

«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.

1-2. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Елорда (синоним) [1]

Оң жағалау (антоним) [1]

3.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.

№ Мәтіндегі ақпарат Шын Жалған

1 «Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналаспаған.

2 «Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі.

3 Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.

[1]

4-5. Сұрақтарға толық жауап беріңіз.

А)Театр кімнің бастамасымен ашылды? [1]

Театр қайда орналасқан? В)[1]

Жазылым

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз. Мәтін 50-70 сөзден кем емес болуы керек.

1.Қуат көзін үнемдей білеміз бе? 2.Астана – мәдениет пен [10]

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. (6-8 сөйлем). [10]

Показать ответ
Ответ:
СашаВай1
СашаВай1
08.10.2022 09:07
1. г. бірде қарлығаш ұшып бара жатып, жартастың арасынан жарқыраған қиыршық тастарды байқайды. қарлығаштың есіне қойшының жақсылығы түседі.
2. б. бір күні қатты дауыл тұрып, қарлығаштың ұясы бузылып қалады. қарлығаш баспанасыз қалып, шырылдап кетті. оның дауысын қойлар естіп, қойшыны ертіп келеді.
ә. қойшы:
тойып тамақ ішкім келеді,
жаңа үйге көшкім келеді, – деп ән салады екен.
4. в. қойшы бұзылған ұяны көріп, оны қайта құрастыра-
5. ды. ұяны өзінің баскиіміне салады да, ағаштағы орнына
қояды. қарлығаш қатты қуанды. осы кезде өзіне: «-
ның жақсылығын ұмытпаймын», – деп уәде береді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
DaniilEzhov036
DaniilEzhov036
27.04.2021 06:05

Лирика- лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі.

Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота