В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
dkrechetov85
dkrechetov85
27.09.2022 22:34 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі «Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқушының аты-жөні
Сыныбы Күні

Оқылым
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңдар.
Әлемнің ең үлкен кітапханасы

«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпір-түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар.
Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны анық. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда болған. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз.

1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпараттарды анықтаңдар.

Негізгі ақпарат
[1]

Қосымша ақпарат
[1]

2-тапсырма. Мәтіннен анықтаған негізгі, қосымша ақпараттар бойынша 2 сұрақтан құрастырыңдар. Сұрақтардың негізгі және қосымша ақпараттарды анықтауға бағытталуын ескеріңдер.

Негізгі ақпаратты анықтайтын сұрақтар:
1.
2. [1]
Қосымша ақпаратты анықтайтын сұрақтар:
1.
2. [1]

Жазылым
3-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазыңдар. Жинақы мәтін көлемі 10 сөйлем. Мәтінді орфографиялық, пунктуациялық ержелерге сай жазыңдар. [3]

Показать ответ
Ответ:
gilmutdinova011
gilmutdinova011
23.03.2021 12:17

Қайрат Әлімқұлов - "Тәуелсіздік алған күн".

Он алтыншы желтоқсан -

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Атамменен барғанмын.

Мерекеге шығады

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады

Тәууелсіздік - ұлық той.

Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күні мен.

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үңілем.

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн.

Қалқаман Сарин –"Тәуелсіздік".

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

...Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған,

Саған

Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшеңді!?

Уа, еркіндік!

Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп

Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

0,0(0 оценок)
Ответ:
KaKOYTAGHOM
KaKOYTAGHOM
02.08.2022 23:07
На ее небе солнце разливается лучами,
На ее земле цветок сеет благоуханье.
Она красива, она прекрасна!
Моя Родина!

У неё есть степь полная зерном,
У неё есть город, похожий на серебро
Она красива, она прекрасна!
Это земля моя родная!

Ее труд бесценен,
Тут народ нашел свое счастье.
Она красива, она прекрасна!
Это земля моя родная!

Золотой мой,
Тебе есть чем гордиться,
Ведь у тебя есть большая страна,
Которая занимает половину планеты!

Прекрасная земля
Полная лесов и полей.
Она готова развиваться дальше,
Если ты будешь трудиться

Золотой мой,
Твоя дорога открыта.
Лишь бы были целостны
Твоя земля, вода, небо
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота