Қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген.Әкенің орны ерекше де, шеше орны ерекше .Әке- отбасының тірегі, ал шешені әке де, балалар да сыйлайды. Мен Қостанай қаласында тұрамын. Мен физика-математикалық лицейде, 10-ыншы «Б» сыныпта оқимын. Отбасымызда үш адам бар. Олар: әкем, шешем және мен. Менің сіңілі(қарындас),інім, әпкем жоқ. Әкемнің аты-жөні –Самат Елтайұлы, ол басшы болып жұмыс істейді. Әкем 35-те. Ол орта бойлы, қара торы. Ол бауырмал, байсалды және жұмсақ мінезді. Шешемнің аты-жөні –Гүлжан Маратқызы , ол дәрігер. Шешем 35-те, ол орта бойлы, қара көзді, қара шашты. Шешем мейрімді және ақылды адам. Анам, әкем екеуі бір-бірін сыйлайды, бір-біріне сенеді. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін және ата-анамды құрметтеймін. Біздің отбасымыз тату тұрады.
Менің сүйікті спортым ол баскетбол және волейбол, Мен волейболды кішкентай кезімнен бастап үйреніп жүрмін. Волейболдан көптеген жарыстарға қатысып бірінші және екінші орындарын алып жүрміз. Біздің жаттықтырушымыз әрқашан да өздеріңе сенімді ойнаңдар дейді. мінекей сол сенімнің арқасында бірінші және екінші орындар алып жатырмыз. Ал баскетбол ойынына келсек. Біздің командамыз бес адамнан тұрады. Бәріміз де тырысып ойнаймыз, әрине сеніммен. Сондықтан да біз жеңеміз. Бірақ мен қазір баскетболды көп ойнамайтын болғанмын. Себебі, біздің командамыздан екі қыз кетіп қалды. Оларды басқа мектепке ауыстырып жіберді. Міне баскетбол ойынын осылай тоқтатқандаймын. Бірақ волейбол және баскетбол менің сүйікті спортым болып қалады.