В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
lchayanb17
lchayanb17
10.04.2021 08:13 •  Қазақ тiлi

Қазақстанның қазіргі сәулет өнері эссе (8-9 предложений) (8-9сөйлем)

Показать ответ
Ответ:
annasevsehkocot
annasevsehkocot
27.08.2020 11:59

Қазақстанның сәулет өнері.

Еліміздің аумағында сәулет өнері орта ғасырлардан бастап дами бастады. Ерте замандағы Қазақстан сәулет өнерінің керемет туындылары ретінде Айша Бибі кесенесі, Көрпеш-Баян сұлу мазары, Домбауыл кешені, Діңгек ғимараттарын айтуға болады.

Кеңес дәуірінде салынған ғимараттар ішінен Алматыдағы Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры ғимараты, «Қазақстан» қонақүйі, Республика сарайы, «Медеу» мұз айдыны секілді өз әсемдігімен көз тартар ғимараттарды айта аламыз. Қалаға келген қонақтардың барлығы жоғарыда аталған ғимараттарға соқпай кетпейді.

Ал еліміз тәуелсіздік алып, елордамызды Алматыдан Астанаға көшіргеннен бері сәулет өнері ерекше қарқынмен дамып келеді. Оған мысал ретінде бас қаламыздың ғана емес, бүкіл Қазақстанның сәулеттік символына айналған "Астана - Бәйтерек" монументі, Ақ орда - президент резиденциясы, “Хан Шатыр” сауда ойын - сауық орталығы, «Нұр - Астана» орталық мешіті, “Бейбітшілік және келісім сарайы”, “Конгресс Холл”, Думан ойын - сауық кешені, К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры бола алады.

Өркениетті еліміздің бас қаласы қарыштап дамып келеді, небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота