Қазақстандық онлайн-дүкендерді пайдаланушылар – уақыт үнемдеп, әрі арзан тауар алуға ұмтылатындар. Дүкен иелері жылдық сауда айналымы бірнеше миллион долларға жететінін айтады. Қазақстанда жұрт жаппай онлайн-сауда жасап жатпаса да, қызметтің бұл түрін қолданатындар қатары көбейіп келе жатқаны байқалады. Олардың әуелгі уәжі – «онлайн-дүкендердегі тауарлар арзан». Онлайн-сауданы пайдалана бастағандар көбіне «үйден шықпай сауда жасау», «уақыт үнемдеу», «Қазақстаннан табыла бермейтін тауарларды шетелден сатып алу» сияқты мүмкіндіктерді осы қызметтің артықшылықтары деп біледі Студент Лаура Уразаева – интернет-дүкендер қызметін пайдаланып жүргендердің бірі.
«Үйде отырып-ақ бренд киімдерді ала беремін. Қазақстандық дүкендердің тауарлары көңілімнен шықпайды. Соның өзінде дүкендегі тауарларға қарағанда 10-15 мың теңге арзан». дейді Лаура Уразаева
Алматы тұрғындары Ақмарал Маратқызы мен Замира Полатова Азаттыққа онлайн-саудамен алған киімдерін «қазақстандық дүкендерден екі-үш есе қымбатқа көргендерін» айтты.
Сирек тауарларды онлайн-дүкендер арқылы табу оңай.
Онлайн-дүкен өкілдері жеткізіп беру қызметінің әзірге Қазақстанның қалалы жерлерінде жақсы дамығанын айтты. Ал шалғай жерлерге тауар жеткізу үшін олар «Қазпошта» қызметін пайдаланады.
Берілген мәтіндердегі негізгі ойды бір сөйлеммен жазыңыз
запишите основную мысль в приведенных текстах одним предложением мне . Это СОЧ .
Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. Ғылым ордасының алғашқы іргетасын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған екен. Оның ашылу салтанаты 2013 жылдың наурыз айында өткен болатын. Кітапханамызда концерттер, көрмелер, бітірушілерді дипломмен табыстау, құттықтау би кештері т.б. ғылыми және қоғамдық маңызы бар жиналыстар өткізіліп тұрады.
Кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалған. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары, элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта ғана тексеріп алуына болады. Іздеген кітап қолжетімді болып шығады. Өйкені, бұл — ҚазҰУ кітапханасы.
жайлау – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, қазақстанның солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай, сауыр және тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы, іле алатауы және тянь-шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау өңірінде) болды. қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы, жетісу өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – руларының маңғыстау түбегінен мұғалжар тауларына, қызылқұмнан торғай даласына, шу өзенінің төмен алабынан ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. ал қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. қазақстан жеріндегі жайлаулардың ға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады