«Қазақстандағы жер байлығы» тақырыбында берілген мәтіннен мәліметтер жинақтап, постер не сызба-кесте жасаңыз. Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің барлығы кездеседі, 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. 2007 жылғы мәлімет бойынша республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - 2 орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие.
Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.
ответ:Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
Беташар.jpg
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 — 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. “Келіннің бетін кім ашса — сол ыстық” деген мәтел де осыдан туған.[1]
Беташар рәсімі
Беташар айтылып болған соң сол үйге туыс жасы үлкендер, көрші-қолаңдар жас келіннің қолынан “шәй ішу” рәсімін өткізген. Бұл кезде жас келінге өзіне тетелес сол үйдегі не жақын абысыны көмекке келген. Абысын-ажын арасындағы болашақ татулық осы арадан басталған. Осы бірінші дастарқан үстінде келіннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, т.б. назар аударылып, ол алғашқы сыннан өткен. Соңынан жасы үлкен, халыққа қадірлі қария келінге бата берген. Қазақтың беташар салты жаңа заманға да бейімделіп, жалғасын табуда. Қазіргі кезде беташар салты той асының алдында өткізіліп жүр. Бұл туралы мақала Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деген зерттеуінің ішіне кірген тараулардың бірі. Зерттеуші салт өлеңдерінің құрамында беташардың алатын орнын, мазмұндық ерекшелігін анықтаған. Беташардың қандай жағдайда, қашан, қалай айтылатынын сөз ете келіп, Әуезов бұл өлеңнің танытқыштық, тәрбиелік және керкемдік мәнін ашқан; мұның тұрақты мәтіні (тек- сі) болатыны, онда қазақ отбасында жаңа түскен келінге арналатын өсиет пен міндет іріктеліп керсетілетіні; жас келіннің жаңа келген елінде әдепті, еңбекшіл, өнегелі, үлкен мен кішіге ізетті болуға тиістілігі ғибрат, ескертпелерінде берілетіні айтылған («ел-жұртына жақ, келін, ата-енеңді бақ, келін, кісі келсе, үйіңе, киізіңді қақ келін... өзіңнен үлкен адамның, бетіне тіке қарама... сәлекет боп отырма, еркектей боп жүгініп, бір тізелеп жөн отыр, төмен қарап бүгіліп, қатты қылып сөйлеме, ақырын сөйлемңдіріп...»). Беташар өлеңінде отбасындағы үлгілі әйел қандай болуы керектігі туралы хапықтың ғасырлар бойында қалыптасқан әдеп нормалары, өнеге тізбегі, адамгершілік дүниетанымы, әйелдердің адам тәрбиесіндегі айрықша орны көрініс тапқан. Қазірге дейін айтылып, қажетке жарап келе жатқандығы бұл өлеңдердің өміршеңдігін көрсетеді.
Көптеген адамдардың арманы бар. Өз қалауыңызға сену сізге міндеттер қоюға және дамуға, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.
Қазір мен көп қабатты үйдің қарапайым пәтерінде тұрамын, бірақ елдік тұрғын үй туралы армандаймын. Менің идеалды үйім қаладан тыс, кең және жарық. Аулада көптеген гүлдер мен бұталар бар, ал жақын жерде қайың тоғайы мен көл бар. Мен үйдің жанында беседка мен үлкен әткеншек, дәмді алма мен шие бар БАҚ алғым келеді.
Менің отбасым менімен бірге Арман үйінде тұрады, ал достар қонаққа келеді. Бізбен бірге өзінің кішкентай үйі бар мысық тұрады.
Атмосфера жайлы, отбасының әр мүшесінің бір нәрсе жасауы керек - мысалы, үлкен кітапханада Кітап оқу, шахмат ойнау. Камині бар кең қонақ бөлмеде барлығы кешке жиналып, өз істерін талқылай алады.
Менің идеалды бөлмемде төсек, шкаф, теледидар және компьютер бар. Үлкен терезелерден бөлмеге көп жарық түседі, ал терезелерде гүл құмыралары бар. Бөлменің төбесі аспан бейнеленген жабынмен қапталған. Қабырғаларда маған жақын адамдардың көптеген суреттері, сондай-ақ сағаттар ілулі.
Менің арманымдағы үй-бұл оқудан кейін оралғым келетін орын. Онда олар мені күтіп, жақсы көреді.