В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
mari200423
mari200423
09.10.2020 18:10 •  Қазақ тiлi

Қазақстан– тəуелсіз, бай тарихы бар ел. Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас. солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан
жəне Қырғызстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Батыста Каспий теңізімен. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару формасындағы мемлекет. Жер көлемі жағынан əлем елдерінің ішінде 9-орын алады.
Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тəуелсіз мемлекет атанды. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ақша бірлігі – теңге. Қазақстан Республикасының Елордасы – Нұр-Сұлтан қаласы.
Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түрлі. Хaлықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақ халқы құрайды. Халықтың 70% астам мұсылмандар құрайды, православты христиандар — 26%, қалғаны басқа дін өкілдері
1. Қазақстан қанша мемлекетпен шекаралас? (1 правильный ответ) а) 3 ə) 4 б) 5 в) 6
2. Мəтін мазмұнына сай екі ақпаратты анықтаңыз. (2 правильных ответа) а) Қазақстанның тəуелсіздігіне 20 жыл
ə) Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі
б) Нұр-Сұлтан Қазақстанның астанасы
в) Қазақ тілін мектепте оқытады
(3,4,5 вопрос ответ по тексту)
3. Қазақстан солтүстігінде қай мемлекетпен шектеседі ? 4. Қазақстанның мемлекеттік тілі қандай тіл?
5. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орын алады?

2 мəтін
Денсаулық-адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Денсаулықты бала кезден сақтаған жөн. Деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтанудың орны маңызды. Дана халқымыз «Ауру – астан» деп бекер айтпаған. Сау адамның тамақ рационында ақуыз бен майлар, көмірсу жеткілікті мөлшерде болуы шарт. Ет пен сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, табиғи əрі құнарлы тамақтарды пайдаланған абзал. Тез дайындалатын тамақтар (пицца, гамбургер, қытырлақ чипстер мен фри, т.б.), газды сусындар, көп мөлшердегі қант, дүкен йогурттары мен тəттілерінен бас тартқан жөн. Қазіргі таңдағы ең үлкен зиян – гаджеттер де денсаулыққа айтарлықтай кері əсерін тигізіп жатыр. Денсаулыққа кері əсерін тигізетін тағы бір фактор – жаман əдеттер: темекі тарту, спиртті ішімдіктер пайдалану. Спорт – денсаулық кепілі. Денсаулық – зор байлық. Дені саудың – жаны сау. Екі құндылық бар. Оның бірі уақыт болса, екіншісі - денсаулық. Денсаулық - адам өмірінің тірегі.
(на 6,7 вопрос записать ответ 1 предложением из текста)
6. Адам үшін ең үлкен байлықтың бірі не ? 1 сөйлеммен жауап жазыңыз
7. Қазіргі таңдағы ең үлкен зиян не? 1 сөйлеммен жауап жазыңыз

8. Денсаулыққа зиянды əдет
а) дұрыс тамақтану ə) спорт б) фастфуд в) ауру-астан
9. Берілген сөздердің синонимін мəтіннен тауып жазыңыз. (синоним из текста)
науқас -
құндылық -
10. Мəтіндегі оқиғалардың ретін сандармен көрсетіңіз.
(указать порядок предложении по тексту)
Оқиға
Реті
Дұрыс тамақтанудың орны маңызды
Спорт денсаулық кепілі
Бүгінгі күннің ең үлкен дерті– смартфондар
Фастфудтардан бас тартқан жөн

3 мəтін
Компьютер мен ұялы телефон күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Олардың пайдасымен қоса зияны да бар. Техниканың бұл түрлері күнделікті қажет.
Ғалымдар компьютер алдында көп уақытын өткізетін адамдардың ауруларға ұшырау қаупінің бар екенін айтады. Сонымен қатар, қазіргі қала көшелеріндегі қаптаған компьютерлік клубтардағы ойындар адамды түрлі ауруларға шалдықтыратынын дəлелдеген.
Ұялы телефондарға жүргізген зерттеулері бойынша мынаны көрсетті: əр аптада күніне 10 минуттай уақыт ұялы телефонды пайдалану – адам ағзасын өзгерістерге ұшыратады екен. Яғни небəрі 10 минуттық тілдесуден кейін ағзаңыздың өз қалпына қайта келуі үшін 8 сағат керек. Тəжірибе кезінде 8 жыл бойы күнделікті ұялы телефонды пайдаланған адамды медициналық тексеруден өткізгенде, оның ағзасының өзгерістерге ұшырағаны анықталған.
(Ба з беттерінен).
11. Мəтіндегі негізгі ақпарат ... туралы
A) компьютерлер
B) ұялы телефондар
C) компьютер мен ұялы телефонның пайдасы мен зияны D) компьютердің зияны, телефонның қажеттігі
12. Асты сызылған сөзге сəйкесін табыңыз. (синоним) Олардың пайдасы мен зияны өте көп
A) мол
B) зиянды
C) пайдасы D) қажет
13. Компьютер алдында көп отыратын адамдардың ауруға ұшырау қаупі
A) жоқ
B) бар
C) басымдау D) жоқ болды
14. Күніне 10 минуттай уақыт ұялы (сотовый) телефонды пайдалану - ... ...
A) өте зиян
B) зиянсыз
C) зияны жоқ D) зиянсыздау

15. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, организмнің өз қалпына келуі үшін .. . керек.
A) бір күн
B) сегіз күн
C) сегіз сағат D) сегіз минут
16. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесу - өзгерістерге əкеледі, сондықтан ...
A) жиі қолданыңыз
B) көп пайдалану керек
C) жиі қолдануға болады
D) көп пайдалануға болмайды
ЖАЗЫЛЫМ
1. Тірек сөздерді қолданып иллюстрациялық суреттерді сипаттаңыз.

Показать ответ
Ответ:
saitovdamir20Damit
saitovdamir20Damit
22.12.2022 13:38

Көп санды алып қызыл жұлдыздардың өзегі термоядролық реакцияға түсіп ыдырамаған гелий атомдарынан құралады. Олардың энергиясын гелий қабатының сыртындағы өртенген сутегі қабаты қамдайды. Сондықтан олар алып қызыл жұлдызының РГБ тармақ жұлдызын құрайды. Дегенмен, өзегі көміртегі қатарлы ауыр атомдардан құралған алып қызыл жұлдыздар да болады, олар АГБ жұлдыздары есептеледі. Жұлдыз атмосферасындағы көміртегі мөлшері біршама көбірек АГБ жұлдыздарының спектрлік түрі ЦН -нен ЦР түріне дейін болады.

Объяснение:

малимет

0,0(0 оценок)
Ответ:
minis551
minis551
17.08.2022 09:56

Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінде жыраулық поэзияны одан әрі дамытып, өзінің жарық жырлары арқылы жауынгерлік өлең үлгісін биік сатыға көтерген бірден-бір ақын – Махамбет Өтемісұлы. Ол 1830 жылдарда Қазақстанның батыс өлкесіндегі Исатай бастаған көтерілістің басшыларының бірі әрі басты насихатшысы болды. Исатай батырдың сенімді серігі, халықты оның төңірегіне топтастыра білген идеолог ретінде Махамбет ел билеушілеріне, олар арқылы отарлыққа қарсы батыл іс-әрекеттерге барды. Ақын өлеңдерінде көтерілістің мақсат-міндеттері де, себеп-салдары да айқын көрініс табады. Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім, - деп асқақ арманын білдірсе, оны орындау үшін бас кедергі хандар билігін жою сияқты тағы бір мақсат туындайтыны да Махамбет өлеңінің негізгі объектісіне айналады. Еңсесі биік ақ орда, Еріксіз кірсем деп едім Керегесін кескілеп, Орын етсем деп едім Туырлығын кескілеп, Тоқым етсем деп едім Тақта отырған хандардың Төрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім, - деп мақсат тұғырын толғайтын жыр төгеді. Мұның бәрін жүзеге асыру үшін ерлердің алдында қандай міндет тұрғанын да Махамбет қағида түрінде қалыптастырып қадап айтқан: Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңқу-еңқу жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майға ерімей Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала Сақалы шығып жат болмай, Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық шөл көрмей Өзі талып ет жемей Ер төсектей безінбей, Ұлы түске ұрынбай Түн қатып жүріп, түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай Темір қазық жастанбай Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!! – деген жолдары тек батырларды ғана емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық алдындағы міндетін айқындап тұр. Махамбет өлеңдері – көтеріліс шежіресі, халық мұңының көрінісі. Махамбет тұлғасы азаттық жолындағы күрес басшыларының бірі ретінде азаматтық тарихымызда да, сөз өнерінің асқақ өкілі ретінде әдебиет тарихында да өзіне дейінгілерге де, кейінгілерге де ұқсамайтын қасиетімен ерекшеленеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота