Қазақстан Суретшілер Одағы– –республика суретшілері мен өнертанушыларды біріктіретін шығармашылық ұйым. Одақ өз мүшелерінің көркемдік деңгейі жоғары туындылар жасауына және кәсіби шеберлігін үнемі дамытуға ықпал етеді. Ол 1933 жылы құрылды. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағалары: В.Н. Сладков,Ә.Қастеев,Х.Е. Наурызбаев , т.б. болды. Құрамына Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облысы суретшілер ұйымдары мен 12 облыс көркемөнеркәсіп шеберханалары енді.
Одақ конференциялар мен семинарлар өткізіп, көркемсурет көрмелерін ұйымдастырады. Қазақстан Суретшілер одағының жанынан Қазақстан Көркемсурет Қоры құрылды.Әбілхан Қастеев әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы. Қазақстанның халық суретшісі. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы . Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында сабақ алды . Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.