Қазақ халқының
канына
асы
паш
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу
сіңген
касиеттерінің бірі екенін тарихтан белгілі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой, арғы-бергі заманда казак
жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, елшілер казақ ұлтының меймандос, сабырлы, момын,
ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста
да елбасымыздың және елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында
біз осы асыл қасиетімізді тағы да бір дәлелдеп, оны әлемге
ете білдік. Мәселен, сонау
тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес,
әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз
еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды
жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. Дәл сол тұстан
бастап әлем Қазақстанды бейбітсүйгіш ел екенін тани бастады.
ХХІ ғасырдың ең басты заңы татулық. Бейбітшілік пен келісімсіз әлемнің құрдымға кетуін,
табиғат анамыздың экологиялық проблемаларға ұшырау мүмкіндігін біздің еліміз бен елбасымыз
өте жақсы біледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жалпы әлемдегі мемлекеттердің мемлекет болып қалу
кепілдігі «бейбітшілік пен келісімде» жатқанын тілге тиек етеді. Біз әлемге осылайша нұрымызды
шаша береміз!
1. Мәтіннің мақсаты қандай? Кімдерге арналып жазылған?
Берілген сөз тіркестерін жекеше және көпше түрде жіктеп жазу: қонақ шақыру, қарсы алу, есікті ашу, үйге кіргізу, қонаққа бару, шығарып салу.
Жекеше.
Мен қонақ шақырдым.
Сен қонақ шақырдың.
Сіз қонақ шақырдыңыз.
Ол қонақ шақырды.
Көпше.
Біз қонақ шақырдық.
Сендер қонақ шақырдыңдар.
Сіздер қонақ шақырдыңыздар.
Олар қонақ шақырды.
Жекеше.
Мен қарсы алдым.
Сен қарсы алдың.
Сіз қарсы алдыңыз.
Ол қарсы алды.
Көпше.
Біз қарсы алдық.
Сендер қарсы алдыңдар.
Сіздер қарсы алдыңыздар.
Олар қарсы алды.
Жекеше.
Мен есікті аштым.
Сен есікті аштың.
Сіз есікті аштыңыз.
Ол есікті ашты.
Көпше.
Біз есікті аштық.
Сендер есікті аштыңдар.
Сіздер есікті аштыңыздар.
Олар есікті ашты.
Жекеше.
Мен үйге кіргіздім.
Сен үйге кіргіздің.
Сіз үйге кіргіздіңіз.
Ол үйге кіргізді.
Көпше.
Біз үйге кіргіздік.
Сендер үйге кіргіздіңдер.
Сіздер үйге кіргіздіңіздер.
Олар үйге кіргізді.
Жекеше.
Мен қонаққа бардым.
Сен қонаққа бардың.
Сіз қонаққа бардыңыз.
Ол қонаққа барды.
Көпше.
Біз қонаққа бардық.
Сендер қонаққа бардыңдар.
Сіздер қонаққа бардыңыздар.
Олар қонаққа барды.
Жекеше.
Мен шығарып салдым.
Сен шағарып салдың.
Сіз шығарып салдыңыз.
Ол шығарып салды.
Көпше.
Біз шығарып салдық.
Сендер шығарып салдыңдар.
Сіздер шығарып салдыңыздар.
Олар шығарып салды.