Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық.Оның музыкалық мәдениеті өте бай.Халқымыз ақын, әнші, сазгерлерді ерекше құрметтеген. Біржан сал, Үкілі Ыбырай қазақтың классикалық әндерінің негізін қалаған. Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту жақсы дамыған. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының арасынан көптеген әнші- композиторлар, жырау-жыршылар, ақын-күйшілер шыққан. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір, және т.б. Қазақ халықының ән-музыка мәдениетінің дамуына Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Жамбыл, Әміре сияқты ұлы тұлғалар үлес қосқан. Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып, «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні» сияқты жинақтар жариялаған.
Қазір әндердің көпшілігі домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Қазір әндері татулық пен бірлікті, байсалды мінезді, ақылдықты насихаттайды.Қазақ халықының кең тараған халық әндері: «Дудуар ай», «Гүлдерайым», «Бір бала» және тағы басқалар.
Халық күйлері – халықтың тұрмысын, салт дәстүрін, адамның тағдырын баяндайды.Халық күйлері ұрпақтан ұрпаққа жеткен.Сондықтан олардың авторлары ұмытылып, халықтың күйі деп атаған
2-тапсырма. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз.
(+/ - белгісімен белгілеңіз).
№ ақпараттар дұрыс бұрыс
1 Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту өте дамымаған.
2 Қазір әндердің көпшілігі домбыраның сүйемелдеуімен орындалады
3 Халық күйлері – халықтың тұрмысын, салт дәстүрін, адамның тағдырын баяндайды..
4 XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының арасынан әнші- композиторлар, жырау-жыршылар, ақын-күйшілер аз шыққан.
Барысы:
«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Казталовка орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Оқушылар сәлемдемесі (20 оқушы)
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы: Рахмет Сая.
2-жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.
1-жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық