В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
vladkoblov02
vladkoblov02
14.02.2023 16:08 •  Қазақ тiлi

Қазақ әдебиеті • Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады Құсбегілік – ата кәсіп.

Халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан өлмес мұрасы – құсбегілік, оның төл өнері, ұлттық мақтанышы. Әрине, туған табиғатын төл перзентіндей аялап өткен қазақ үшін ит жүгіртіп, құс салудың қанында барлығының айқын дәлелін, жер бетіндегі халықтардың ішіндегі жеке дара осы текті дүниесінің алтын арқауын жоғалтпай, күні бүгінге дейін алып келгенінен көруге болады.

«Есі кірген — ескісін іздейді» деген қағида ертеден бар. Киіз туырлықты көшпелі елдің құс салу өнері кәсіптен гөрі, серуен, сейілге, спортқа жақын. Бұл өнерді кейде «салбұрын», кейде «саятшылық» атауымыз содан.

«Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы…» — жігіттің жігітіне жарасар, серінің серті мен серігіндей өнер.

«Атам өлсе қойылар, атан өлсе сойылар, ал мынадай қансонар енді қайдан табылар» — деп, дүниенің бәрін тәрк етіп, құсын қолға ондырып, жүйрігін жаратқан ер мінезді елдің ұрпағымыз.

Халқымыздың арғы-бергі тарихын зерттеушілер саятшылық кәсіптің үш мың жылдан аса тарихы бар деседі. Ал, ғалымдардың зерттеуінде айтылғандай, Тамғалы тастағы саятшының қыран құспен аңға шыққан сәтін бейнелеген өрнекті суреттің салынғанына екі мың жылдан әріде десе, бүгінгі жеткен шындыққа бергісіз жүздеген аңыздардың өзі неге тұрады?!

Халқымыз қансонарды ерекше қадірлеген. Шытырлаған аязда қызара бөртіп, таза ауаны еркін жұтып, ат үстінде жүрудің өзі қандай ғанибет! Салауатты өмір салтының далада екенін түсінсек жалқаулықтан тапқан сырқаттарымыздан айырылар едік.

Әр адамға өз елінің аң – құстары аса қымбат. Қазақ қалқы қыран құстары киелі деп көп аулап ұстамайды. Оларды қорғайды. Қыран құстар ғалымдардың бақылауынша 100 жылға дейін өмір сүреді. Қазақ құсбегілері бүркіт жасын былайша есептейді.

Показать ответ
Ответ:
ivan58888siko
ivan58888siko
21.05.2022 20:42

Білімділігі: балалардың ойы дамып, дүниетанымы қалыптасып, нағыз адам болуы үшін, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын және тіл байлығын молайту. Тіл үйренуге құштар балалардың тілін одан әрі өрбітіп, ойы мен қиялын шарықтатып, сауатын жетілдіру.

Дамытушылығы: оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, баланың шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды ізденімпаздыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

0,0(0 оценок)
Ответ:
JackKalibr
JackKalibr
21.05.2022 20:42

Бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым

Бақыт символы күлкіше

бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Арман сияқты Бақыт та мұраттың тылсымдық-эмоциялық көрінісі болып табылады. Мұрат тұлғаның болашаққа деген сенімін білдірсе, Бақыт оның іске асу деңгейін көрсетеді. Әдептану саласында Бақыт мәселесімен шұғылданатын ілімді фелицитология (грек. Бақыт туралы ілім) деп атайды.

Бақыт әр адамда болады. Мысалы, мен бақыттымын. Себебі: менің әкемде, анамда бар. Онымен қоса менің денім сау, қол-аяғым аман."Бақытты адам" - деп бай адамдарды айтпайды, бақытты адам деп денсаулығы бар, отбасы бүтін адамды айтады. Менің анам маған үнемі айтады: "Бақыт деген байлық емес, бақыт деген денсаулық, ата-анаң, туған бауырларың және өзіңнің туып өскен жерің" - дейді. Менің ең бірінші бақытым денсаулығым, екінші бақытым бақытым ата-анам, үшінші бақытым туып өскен жерім, елім және мақтаныштарым, қамқоршыларым екі әпкем. Мен бақыттымын өйткені, мен жарық дүниені көремін, жақсы сөздерді естіп, оқып, көріп біліміді шыңдаудамын, екі қолыммен еңбектенудемін, өз аяғыммен жүріп баратын жерлерге барудамын.

Мен бақыттымын, өйткені мен Тәуелсіз елде, Тәуелсіз мемлекетте тіршілік етудемін. Менің елімнің туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Туған елімнің табиғаты тамаша, көркем! Біз өз елімізде бақытты өмір сүрудеміз. Ақындар жырлағандай менің бақытым тілім, өз ана тіліңде сөйлеу, білім алу қандай бақыт, сонымен қатар менің бақытым Отаным. "Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас" - дегендей өз жеріңнің топырағы да, суы да, құсы да, тіпті қыбырлаған жәндігі де саған бақыт сыйлайды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота