В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
bbarcachempion
bbarcachempion
04.04.2022 22:18 •  Қазақ тiлi

«Қазақ әдебиеті» пәнінен емтихан тест сұрақтар тізімі 1. Абайдың неше қара сөзі бар?
2. Айгүл Кемелбаева қай жылдары Мәскеудегі Әдебиет институтында оқыды?
3. Абай болыс болған жер:
4. Оразақын Асқар қанша жасында Қазақстанға көшіп келді?
5. Қаныш Сәтбаевтың шын есімі:
6. «Атау кере» повесіндегі араққа салынған кейіпкер кім?
7. Жәркен Бөдешұлының шын аты:
8. Талап Сұлтанбеков қазақ әдебиетінде қай жанрдың негізін салушылардың бірі?
9. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі қандай шығармаға жатады?
10. Абайдың «Сегізаяқ» өлеңі қай жылы жазылды және қанша шумақтан тұрады?
11. Талап Сұлтанбековтің алғашқы кітаптары қандай тақырыпқа арналған?
12.Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары
13.«Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: » деп басталатын Абайдың нешінші қара сөзі?
14. Қадыр Мырза Әлі қай жылы дүние келді?
15. «Көшпелі алтын» әңгімесіндегі балалардың мәлімет алған саласы:
16. «Абай жолы» шығармасындағы ойдан шығарылған кейіпкерлерді табыңыз.
17. Шерхан Мұртазаның Мемлекеттік сыйлық алған шығармасы:
18. Оралхан Бөкей қай жылы дүниеге келген?
19. Оразақын Асқар шығармаларының негізгі тақырыбы:
20. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуды қай жылы бастаған?
21. Шерхан Мұртазаның драмасы:
22. «Оның да алған жоқ па Құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ», – деген жолдар Абайдың қай өлеңінен алынған?
23. Баққожа Мұқай «Өмірзая» романы үшін қандай марапатқа ие болды?
24. Төрт кітап болып шыққан «Абай жолы» роман-эпопеясының үшінші кітабында Абайдың қандай бейнесі суреттелген?
25. Сұлтанәлі Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясындағы кейіпкерді табыңыз?
26. «Бесеудің хаты» драмасындағы бесеу:
27. Баққожа Мұқай қай өңірде дүниеге келген?
28. Абай қай жылдары болыс болды?
29. Төменде көрсетілген шығармалардың қайсысы Оралхан Бөкей шығармашылығына тән?
30. Төменде аталған кейіпкерлердің қайсысы «Атау кере» повесінде кездеседі?
31. Жарасқан Әбдірашев қай өңірде дүниеге келген?
32. «Бесеудің хаты» драмасы неше бөлімнен тұрады?
33. Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романының басты кейіпкері кім?
34. Қадыр Мырза Әлінің «Қызыл кітап» поэмасындағы автор ұстанымы қандай?
35. Баққожа Мұқай «Өмірзая» романын кімге арнаған?
36. «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемнің қанша тіліне аударылды?
37. Шығармаларды авторлары бойынша сәйкестендір.
1. «Атау кере» – А) Оразақын Асқар
2. «Шетте жүрген бауырларға» – Ә) Қадыр Мырза Әлі
3. «Өмірзая» – Б) Баққожа Мұқай
4. «Дала, сенің ұлыңмын!» – В) Оралхан Бөкей
5. «Қызыл кітап» – Г) Жарасқан Әбдірашев

38. «Өмірзая» романы қай жылы жарық көрді?
39. Сұлтанәлі Балғабаев қай өңірде дүниеге келген?
40. «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деген өлең жолы адамның қандай қасиетін сипаттайды?
41. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі баланың шын есімі кім?
42. «Масғұт» поэмасында Масғұт қай жемісті таңдағанында дәулеті тасып, байлыққа кенелер еді?
43. Тасқұл қарт қай шығарманың кейіпкері?
44. Ел аузында аңыз болған жер атауы:
45. «...ғылымды, ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын!» Абайдың қай қарасөзінен алынған?
46. «Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде» деген өлең жолдары Абайдың қай өлеңінен алынған?
47. «Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар-жоғына.
Ілінбеу үшін елдік, бірлік керек,
Ешқашан енді ешкімнің қармағына» деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
48. Қадыр Мырза Әлінің «Қызыл кітап» поэмасы қай жылы жарық көрді?
49. Абайдың «Масғұт» поэмасында Масғұт шал ұсынған базарлықтың қайсысын таңдайды?
50. Абайдың он жетінші қара сөзінде талас-тартыс қандай кейіпкерлердің арасында орын алады?​

Показать ответ
Ответ:
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТI — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр”, «Алпамыс”, «Ер Тарғын”, «Қамбар батыр”, т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпик. дастандар («Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, «Қыз Жiбек”, т.б.) қазiргi Қ. ә-нiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қ. Ауыз әдебиетi.
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
banana92
banana92
03.08.2021 01:28
Олимпиада ойындары ежелгі а ң өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған.І
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота