Жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік, шынайылық пен іңкәрлік, сүйіспеншілік пен адамгершілік, сенім мен сезім тақырыптарынан сыр қозғап, адамдық пен адалдықты сөз етер, сертке берік екі жастың арасындағы ғашықтық жырларын шертер «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымы – өнер мен өмір, тәрбие-тағылым мектебі екені хақ...
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу–Ғ.Мүсіреповтің халық жыры негізінде жазған 4 перделі, 7 суретті трагедиясы. Шығарма 1939 ж. сәуір айында жазылып біткен. Оның сюжеті ертеден мәлім жақсылық пен жамандықтың, махаббат пен қызғаныштың арасында туатын тартыс желісіне құрылған. Бір жылы дүниеге келген құрдас Қозы мен Баян бірін бірі жастайынан-ақ сүйіп табысады. Бірақ балғын жастардың махаббатына қызғаныш уын ішкен Қодардың жауыздығынан әрі Қарабайдың сараңдығынан екі жас мерт болады. Осындай қайғылы оқиғамен аяқталатын трагедия алғаш рет Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында режиссер М.Г. Насоновтың сахналауымен 1940 жылы 29 сәуірдекөрермен назарына ұсынылды. Бұл спектакльге О.Т. Жұмағұлов (Қозы Көрпеш), Ж. Жалмұхамедова (Баян), М.Б. Шамова мен Р.Р. Қойшыбаева (Мақпал), С. Қожамқұлов (Қарабай), Е. Өмірзақов пен Ә. Хәсенов (Қодар) т.б актерлер қатысып ойнады.
Әлемдегі ең алғашқы автокөліктің тарихы Николас Джозеф Кагнот есімді механикпен тікелей байланысты. Николас Джозеф Франция мемлекетінің қорғаныс министрі Этьен-Француаның бұйрығымен артиллериялық жабдық тасымалдайтын көліктің жобалауын бастайды. Осы жобаға негізделе отырып, Кагнот пен екінші әскери механик Брезин бумен жүретін алғашқы көліктің бірінші үлгісінқұрастырған. Алғашқы көліктің жылдамдығы өте баяу болатын, сағатына 4 шақырым. Бірақ осы көліктің артықшылығы – 5 тонна жүкті тасымалдай алатын еді. Бірақ осы көліктің бір осал жері тежегіш болған. Осының кесірінен көлік бірнеше рет жолапатына ұшырады. Нәтижесіндекөліктің шығарылуы 1771 жылы аяқталған. Бірақ осыған қарамастан, Кагноттың көлігі тарихта ең алғашқы көлік ретінде танылады