Жауапкершілік— адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар.
Жауапкершілік біріншіден, адамның міндетті ісін орындап шығу үшін сол жұмыстың мән-жайын жете түсініп, үнемі мезгілінде атқарудың әдіс-тәсілін қарастырады. Екіншіден, орындаған ісінің өзі мен өзгелерге нендей нәтиже беретінін айқын аңғарып, көпшілікке, қауымға тигізетін пайдасын ойластырып, азаматтық борышын орындайды. Үшіншіден, жеке басы мен қоғам алдында атқарған еңбегінің жемісті екеніне көзі жетіп, барлық қажеттіліктерді қанағаттандырудың негізі еңбек екендігін терең ұғынатын болады. Сөйтіп, қоғам алдында азаматтық борышын атқаруымен бірге, өз басына жүктелген жауапкершілікті орындап шығу кісілік беделді қалыптастырып, іскерлікті шыңдайды.
Жауапкершілік адамның міндетті істі атқаруымен бірге, оның мінезіндегі ерік-жігерін, қайраттылығы мен табандылығын көрсететін ерік сапалары болып саналады.

Объяснение:
Это мәтін